Өлең, жыр, ақындар

Қатшекейге

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4109
Басымда жанат бөрік жекей тері,
Қоймаған елде сұлу мен бір сері.
Жұмақтың нақ төріндей көрінеді,
Қташекей жолығармын деген жері.

Көрдің бе Қатшекейдің асылығын,
Жалтақтап еткен ісін жасыруын.
Ау жаным, сүйемісің, сүймеймісің?
Сүймесең жоқ-ты саған бас ұруым.

Басында қызыл шарқат, ақтан көйлек,
Әп-әпсет сенің, қалқам, басылуың.
Қарайсың көзің сүзіп, мойның бұрып,
Білмеймін не қылғанда қосылуым.

Қатшекей көп баладан асыл екен,
Аршын төс, алма мойын, асыл еркем.
Алманың қабығындай бетің қызыл,
Құбылған бәйшешектей жүзің көркем.

Алты айда ақ жүзіңді бір көрмедім,
Шаруа қолым тимей жұмысыммен.
Тартқанда таразыға сені алармын,
Алтынды не қылайын күмісімен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайран жерім

  • 0
  • 2

Әр түрлі өлең өсіп көгеріңкі
Мақпалдай төсеп салған қайран жерім.
Мақпалдай көгеріңкі төсеп салған,
Жәннеттей десем мислі емес жалған.

Толық

Жалғаншы, жарық дүние!

  • 0
  • 0

Жалғаншы, жарық дүние!
Бізден де бір күн қаларсын.
Піл сауырлы қара жер
Қойныңды ашып, қол жайып

Толық

Қияға мен бір қыран көз жіберген

  • 0
  • 0

Қияға мен бір қыран көз жіберген,
Құрбыға айта бермен көзге ілінген.
Көз салып көрінгенмен жүре берме,
Жақын бол құрбыңменен қадір білген.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар