Өлең, жыр, ақындар

Сағыныш элегиясы

  • 22.01.2022
  • 0
  • 0
  • 321
Аңсадым-ау!
Өзің жайлы алғызармын қайдан хабар,
Біз қауышқан көктемгі бақ саған құшақ
жайған болар.
Мұнар басқан қала жолын жалғыз ұзақ серуендеймін,
Сағым елес жолын алдап құмда қалған керуендеймін.
Бастап барып әлденеге қыз көктемнің жұпар лебі,
Сан мыңдаған адамдардың толқындары жұтар мені.
Жүрегімде шердің табы,
Көкірегімді басқан аптап,
Әбден таныс уайымнан қашып келем сасқалақтап.
Таңғы азаннан сілкінеді талықсыған қала таңы,
Құмар қылған сан кірпіктер жебе болып мені атады.
Сарсаң қылған жолдарыңа жайып
көктем жапырағын,
Сені үнсіз шақырады Түркістанның топырағы.
Сатып кетті сан достарым бұл сапарға бірге шығып,
Ұмыт болған өткеніме өкінемін тым кешігіп.
Бақыт жайлы толғанбаймын,
Ол да ермек емес маған,
Жалғыздығым – жұбанышым,
Одан кейін сені еске алам.
Көңілсіз бір түс көремін, тал түсте де ояу жүріп,
Соңыма ерген күшіктерге таныстарша қоям күліп.
Салғырт күндер санамды езіп сағынышқа желімдейді,
Өзім сенген жандар мені жылатудан ерінбейді.
Шаршасам да жолдарыңа жайып үміт керегесін,
Қараудан бір жалықпаймын вагондардың терезесін.
...Сарсаң қылған жолдарыңа жайып көктем
жапырағын,
Сені үнсіз шақырады Түркістанның топырағы.
Мен сенемін сел боп аққан тыйылар-деп жасым
бір күн,
Міне солай сенсіз көрген күлкіден де қашып жүрмін...

06. 03. 2005ж



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саған жетер асуларды жапқан қар

  • 0
  • 0

Саған жетер асуларды жапқан қар,
Одан әры мен түсінбес Аспан бар.
Сәл қалғысаң шатқалдары шақырар ,
Жыландары шашқан зәр...

Толық

Бостандық берші, ей, уақыт

  • 0
  • 0

Ғайыптың күшімен еш ойға түспеген,
Фәни мен бақилық сапарлар үстінде.
Мен бір жұмақтай түс көрем:
Кеше, бүгінім, ертеңім –

Толық

Көктерек жыры

  • 0
  • 0

Көктеректен көшкеҰларбек Дәлейұлын сағым кеудемде,
Көктеректе өшкен шағым кеудемде.
Құлап сөнген жасын сынды көлдерге,
Тулап түскен жәйін сынды шөлдерге.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар