Өлең, жыр, ақындар

Көк түріктердің жорық жыры

  • 22.01.2022
  • 0
  • 0
  • 700
Жалаңаш барып жауға ти,
Тәңірі өзі біледі, ажалымыз қайдан-дүр!
Шалкиіз жырау

...Баста бізді, бөрі-Ене!
Теріскей белден тер ақсын,
Күнгей белден ақсын қан!
Шаһитсіз кеткен талайдың
Сүйегін Жер де жатсынған...
Отыздағы мылжыңдар көлденеңдеп жолыма,
Қырықтағы қылжыңдар ербелеңдеп сорыма,
Он жасымда сауал ұрттап, сегіз перен Ой ұштап,
Он үшімде он екі тұтам жай ұстап,
Он бесімде құрама ер салдым тоқпақ жалды
торыма!..
Дулығасы бұлтқа жетіп шарт сынған
Бұлан да бұлан, бұлан Ер!..
Бұландыкөлде айқаста Тәңіріге өзін тапсырған,
Уай, біздің Ерлердің күні батқан жоқ!
Қызыл жібек шымқай жамылып,
Қыз-қыз керуен тірлікте
Ар-ұяты ала жіпке таңылып,
Алтын тақ үшін Ата салтын сатқан жоқ!
Жатпасы үшін қарт шежіре
Қайтара бізге тас атып,
Тобылғы түбі тосатып,
Қорамсақ қорын босатып,
Арсылан жауға тимемсе,
Отына кектің күймемсе,
Ел үшін жанымыз құрбандық, жамбасымыз
жерге тигенше!
Ұлдарымызды үзеңгілеріне құл ғып байламақ,
Қыздарымызды қызыл жайламақ...
Атаңа нәлет көп дұшпан тағы да келер жақындап!
Уай, қабылан Ерлер,
Қапылда,
Тәңір отындай лапылдап,
Сайын даладағы сансыз мақұлық
Қызыл у желді олай да бұлай сапырып,
Соңымыздан бірге жосыла,
Тиейік жауға ақырып!
Кесілген басы төбе боп тауымның
шетін толтырсын,
Шашылған қаны өзен боп көлімнің
бетін толтырсын!
Шаһитсіз кеткен талайдың
Сүйегін Жер де жатсынған.
Теріскей белден тер ақсын,
Күнгей белден ақсын қан!
Біз әзірміз!
Баста бізді, бөрі-Ене!..
Ей, кесір жау, кесір жау,
Тұманды тауда ет қақтап,
Күмәнді Түзде дәт қақтап,
Шынжырлы сауыт киісіп,
Бөрітектес Оғландар астана жұртыңа қырғын
тиісіп!..
Арғымақтар белін талдырып,
Асқынған арам қаныңа адырдың шөлін қандырып,
Адыра қалған тәніңді Ай сәулесіне қыңсытып,
Көрерміз сенің жүзіңді,
Кесілген басыңды ер қасына алдырып!..

13. 04. 2010ж



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түн. Өскемен. Алтайды аңсау

  • 0
  • 0

Ескіртіп жыл азабы,
Сарғайтып күн аптабы,
Өзіңмен қайран Алтай, қауыштым жылап
тағы.

Толық

Мені үнсіз оқиды ескірген обалар

  • 0
  • 0

Азабым болдың сен ақырғы,
Һәм өлмес мұратым, мерейім.
Сен жақтан әлдене қол бұлғап шақырды,
Тәуекел, көрейін!

Толық

Александрия маягы

  • 0
  • 0

Шетсіз-шексіз мұхиттан аттап өтіп аласа,
Босағама келді үнсіз қартаң жүзді қараша.
Қабағында қорқыныш, әлде уайым,
Әлде мұң,

Толық

Қарап көріңіз