Өлең, жыр, ақындар

Шәмші рухына..

  • 23.01.2022
  • 0
  • 0
  • 743
Қыз болып, қылымсынып танысқам жоқ,
Жігіт боп стақан да қағысқам жоқ.
Сенімен жақын едім, біліс ем деп,
Атағың шыққан кезде жабысқам жоқ!

«Туғаннан қам сүт емдік, піскен емес,
Күнәміз таудан үлкен, кішкене емес.
Тағы да сонша күнә қосса-дағы,
Тәңірім кешем десе , ештеңе емес!»

Дегенсің «күнә» аты басқа кезде,
Бүгінде жүрек – түтін, ақша – көзде!
Сен айтқан ұят – бұл күн – жарнама боп,
Көзіңді ұялтады баспасөзде!

Кімге айтам, жүректегі базынамды,
Өмірдің көбі кетіп, азы қалды.
Бірінің ел есінде қалғаны жоқ,
Жалдап пен маскүнемдер қажы барды!

Балықтай ауа жетпей қайраңдағы –
Қай талант тірісінде жайраңдады?!
Күнәсіз әулием – деп, табынайын,
Өнердің өлмейтұғын Пайғамбары!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ей, Махамбет, ағатай! «Құсалықпен өтті ғой, Махамбеттің көп күні...» Махамбет

  • 0
  • 0

Қаройда басың алынды,
Қапшыққа сосын салынды.
Қуанып дұшпан жарылды,
Жарың қара жамылды.

Толық

Қауіп

  • 0
  • 0

Қазағымның базары тарқағалы
Нәзік жаным ауыр мұң арқалады.
Махаббаты мерт болған Қыз Жібектей
Елестейді Жайықтың жарқабағы.

Толық

Дос іздедім

  • 0
  • 0

Дос іздедім, сабылып, Төлегендей,
Дос іздедім, қалың жұрт елегендей.
Дос іздедім, қуансам құшақ жайып,
Дос іздедім, сүрінсем, жебегендей.

Толық

Қарап көріңіз