Өлең, жыр, ақындар

Қазақы жүрек

  • 23.01.2022
  • 0
  • 0
  • 577
(Сәбетқазы Ақатаевқа)

1999 жылы Хабар телеарнасынан түрлі қоғамдық қозғалыстардың тартысты пікір-сайысы болып жатты. Қазақтың ұлттық киімін
киген Сәбетқазы аға азуларын ақситқан шие-бөрілер тобырына жалғыз шапқан – Көкбөрідей... Сол сәт ол аспанға қарап ұлып тұрғандай әсер етті.
Автор.

Күмәнді ұлдар көбейді,
Анамның тілі өгейді!
Азды ма, әлде әруақ,
Додаға түсіп, таланған,
Өзіңді көрсе не дейді ?!
Санайтын өзін зиялы,
Қарақан басын « гөйлейтін »
Қалтада жатса тып-тыныш,
Қолыңа алсаң сөйлейтін –
Телефондайын ұялы,
Ұлдардың міне, сияғы!

Шаңы да шықпас , жаяулым,
Алаштан қалған, аяулым!
Аққудан ұшқан қауырсын,
Жалғыз да болсаң – бауырсың !
Қазақы белден жараған,
Өзіңдей болсын, бар ағам!

«Жау тиді!» десе – ұрандап,
Дамбалсыз атқа шабатын.
Көрсоқыр көзді оятын,
Көрбілте басты алатын,
Қайда бір кеткен жігіттер,
Жамылып жүрген «аға» атын ?!

Кірмелер жазған зәкүннен,
Керегін кірме табады.
Намыссыз, қансыз, өтіңнен,
Нәмікүдіктер тарады...
Қайраңда қалған халықтың,
Таусылды айла – амалы!
Шабынып тұрған мәстек те,
Сағынып тұрған сайқал да
Жағаңнан сенің алады.
Жалғыз да, жаяу шапқан соң,
Атының басын ірікпейді,
Артының ласын сүртпейді !
Қалтасы толса-мас болған,
Босаса қайта аш болған
Намыссыз бауыр, жәй кезде-
Ұялмай «Елім ,жұрт» дейді !
Өзіңнен өзің жалғанда , -
Қиямет екен, алданған.
Барысы – мысық болғанда,
Көкбөрі - сайда қалғанда-
намысы – тырдай жалаңаш,
Өтемізбе екен, арманда?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ей, Махамбет, ағатай! «Құсалықпен өтті ғой, Махамбеттің көп күні...» Махамбет

  • 0
  • 0

Қаройда басың алынды,
Қапшыққа сосын салынды.
Қуанып дұшпан жарылды,
Жарың қара жамылды.

Толық

Кәнизак та болмадым

  • 0
  • 0

Кәнизак та болмадым,
Перизат та болмадым.
Болмағанды қолдаумен,
Көсеу болды қолдарым.

Толық

Қазағымның базары тарқағалы

  • 0
  • 0

Қазағымның базары тарқағалы,
Нәзік жаным ауыр мұң арқалады.
Махаббаты мерт болған – Қыз Жібектей,
Елестейді Жайықтың жарқабағы.

Толық

Қарап көріңіз