Өлең, жыр, ақындар

Алыстан қызыл көрінсе

  • 29.11.2015
  • 0
  • 2
  • 17058
Алыстан қызыл көрінсе,
Манат емей немене.
Көтеріліп ұшқан соң,
Қанат емей немене.
Екі жақсы бас қосса,
Санат емей немене.
Қамшылатып жүгірген
Шабан емей немене.
Айтқан сөзге түспеген
Жаман емей немене.
Сұрағанды бермеген
Сараң емей немене.
Кісі ақысын көп жеген
Арам емей немене.
Ішің аллаға мәлім,
Сыртыңдағы қулығың
Амал емей немене.
Сусағанда берген су
Шекер емей немене.
Һәммәтсіз ерге біткен мал
Бекер емей немене.



Пікірлер (2)

Abuova Aizere

"Ішің Аллаға мəлім" деген қате оның орнында "Іштегі сыр Аллаға мағлұм" болу керек.

Нұрым

Aizere , Бұқар жырауға айтып отсың ба?

Пікір қалдырыңыз

Қалмаса қайнар азайып

  • 0
  • 1

Қалмаса қайнар азайып,
Аққан дария суалмас.
Қалмақтан алдың бір зайып,
Сүйегіңді жоғалтпас.

Толық

Сәлем - сөздің анасы

  • 0
  • 2

Сәлем - сөздің анасы,
Әлік алған данасы.
Шығанақтан шырқайды
О біреудің танасы.

Толық

Ханға жауап айтпасам

  • 0
  • 0

Ханға жауап айтпасам,
Ханның көңілі қайтады.
Қандыра жауап қатпасам,
Халқым не деп айтады?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар