Өлең, жыр, ақындар

Біз

  • 16.02.2022
  • 0
  • 0
  • 854
Баптадық, ақ сұңқарға тауық теліп,
мақтадық, сауысқанға сауыт беріп,
Түбінде ымыраға келмейді деп,
жақсыны қолдамаймыз қауіптеніп.
Адамдар аппақ, адал іс, арманы
әйтеуір өмірде бір күш алмады.
Естімен, есермен де тіл тапқанды
мақтаймыз «бар деп мұның кісі алдары».
Қосылып қылмысыңа құлдық дейтін
сонда да өзгертпейтін мұңлық кейпін,
реті келгенде айтқан өтірігіңді
көз-көре шімірікпей шындық дейтін
адамдар – біздің елде сырттан бүгін,
сырттандар арасында шыққан ба үнің.
Ой айтып комзол менен кебіс жайлы
шалқайып шешкенсиміз жұрт тағдырын.
Сөйлейміз сөйте тұра бірлік, ел деп,
естуге жоқпыз бірақ үнді кермек.
Әділін тура айтқанды көрмегенсіп,
маңайға жуытпаймыз бүлдірер деп.
Жақсы да жалтақ болар сенім кемде,
жалтақ күй ойлы жанды семіртер ме.
Тұрса да іші біліп, не бір мықтың
қарсы сөз айта алмайды шені үлкенге.
Ұрынса тамырды үзер жерің селге,
бұрылып кете алмайсың шегінсең де.
Ыдырап мәңгі мұздар,
тағдыр жолы
беймәлім, бара жатыр елім сеңде.
1996



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дастарқан

  • 0
  • 0

Дастарқанға шақыру-ақ мүң екен:
ұшып тұрды тақта отырған зұлымдар,
Жандарында бір кеш жатқан арулары жымыңдар:
кеуделері тырсиып тұр, дәл арадан аумайды,

Толық

Сырласу

  • 0
  • 0

Ана,
жалғыз арқалап тағдыр жүгін,
кең әлемде өзіңсіз қалдым бүгін.
Сен ұйқыдан оянып қарсы алушы ең

Толық

Ресторанда

  • 0
  • 0

Сол бір кеш болды ма өзі,
болмады ма -
білмеймін. Бірақ есте қалар мәңгі:
Таңғы нұр боз аспанды торлады да,

Толық

Қарап көріңіз