Өлең, жыр, ақындар

Қарғыс

  • 16.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1318
Аңқау, даңғой халқың болсын,
алалыққа баулыр қартың болсын.
Анасын сатқан ұлың болсын,
баласын өлтірген қызың болсын.
Елірме, ерме жасың болсын,
есалаң етер асың болсын.
Пайдаға аспайтын пұлың болсын,
балаң ұқпайтын тілің болсын,
аяғыңды аңдыр серігің болсын,
кеуделі, кердең келінің болсын.
Әніңді ұқпайтын немерең болсын,
көгі көктеген керегең болсын.
Досым дегенің өш адам болсын,
адам аттамас босағаң болсын.
Басы бірікпес ерлерің болсын,
дұшпаның сенен зерделі болсын.
Жатқа тапталған жерің болсын,
бірлігі жоқ елің болсын!
1994



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көсемдікке тапшымыз, кеңдікке де

  • 0
  • 0

Көсемдікке тапшымыз, кеңдікке де,
адамдыққа, мәртікке, елдікке де,
сөйте тұра дүниені тындырғандай
баса алмаймыз аяқты кергіп неге?

Толық

К-ға

  • 0
  • 0

Мен жайлы талай сыбырлар
талықсып саған жеткенде,
өкінсем осы ғұмырға
несіне келдім деп мен де,

Толық

Құлыншағым, сөйледің! Шықты-ау тілің

  • 0
  • 2

Құлыншағым, сөйледің!
Шықты-ау тілің!
Жарығым, құйттай күнім!
Тіліңдегі "ападан" басқасын мен,

Толық

Қарап көріңіз