Өлең, жыр, ақындар

Салт атты

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 587
Аймалап Айдың нұры бар алапты,
бір ғажап сәуле ораған дала, бақты.
Бет алған Бөрілі жақтан бір салт атты
құйғытып Қанжиренмен бара жатты.
Жарқырап дала маңдай. Күн-жанары.
Шығыс жақ сол жанармен нұрланады.
Тұма көл жағасында тұрған маған
сәл ғана мойнын бұрып бір қарады.
Кім мынау Күндей таныс, санадай ақ?
Көз салды-мен шіркінді бара ма аяп?
«Япыр-ау, Мұхтар ағам екен ғой!» – деп,
соңынан мен жүгірдім жалаңаяқ.
Мен қалдым, ілесе алмай, түнге адасып,
жас тұнған жанарыма мұң жанасып.
Салт атты көз ұшында кете барды,
ғасырлар қақпасынан зырлап асып.
Көз тігем, оған жетер айлам қалмай,
алдымда сан асулы сайлар бардай,
…Дөңбекшіп жатыр екем төсегімде,
Алламен амандасқан Пайғамбардай



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Теңіз

  • 0
  • 0

Теңіз керек жаныма
(Бұл құштарлық сіңіп кеткен қаныма),
Ол өйткені үйретеді сырлы сазды әуенге,
Үйретеді тек өзінің қиянатсыз арына.

Толық

Кісілік

  • 0
  • 0

Өз-өзіңнен сыздана
тырсиғанмен ісініп,
өрте жерді, тұз жала –
қонбайды одан кісілік.

Толық

Құштарлық

  • 0
  • 1

Корабльді басқарып,
көк жүзіне самғармын.
Канал қазып, тас жарып,
мұхиттарды жалғармын.

Толық

Қарап көріңіз