Өлең, жыр, ақындар

Шарасыздық

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 3287
Мұңдасым да қалмады, сырласым да,
жалғыз қалып отырмын қыр басында.
Бас қамы мен ас қамы – ойлайтыны
жан берісер досың ба, құрдасың ба?
Біздің елде ру мен топ тартысы
бітіп болар түрі жоқ бұл ғасырда.
Елде елдік қалмады – құм басуда,
қысыр сөзге жұрт құмар, уға-шуға.
Тым болмаса сөз ұғар әкімің жоқ –
шер тарқатып алдында мұң басуға.
Жүн ғып орта түтеді, сабаулайды
түбітсің бе сен мейлі, шудасың ба?!
Жұртым – сырқау, жайым жоқ емдетуге,
матадаймын жем болған желге, күнге.
Адамдарда мұрша жоқ жаны ашуға,
бұл - өрлеу ме болмаса кері кету ме?
Бірін-бірі жеп құртар бізден басқа
ешбір халық жоқ шығар жер бетінде.
1996
***
Араша түспесе де адалдыққа,
қол сермеп сөз сөйлеген жағар жұртқа.
Ханы да, қарасы да қолпаштайды
айырмай даналық па, надандық па?
Кетпеді төбемізден торланып мұң,
қапыда сан жақсыны орға жықтым.
Залым мен есер шешсе ел тағдырын,
өмірде соры арылмас ол халықтың.
Жақсының жүйрігі жоқ жеке мінер,
естінің, есердің де мекені – жер.
Өз соры аджырата алмаса егер
кім дана, кім ақымақ екенін ел.
1996



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басымды айналдырды-ау мұң аптабы

  • 0
  • 0

Басымды айналдырды-ау мұң аптабы,
еніп ем тәтті қиял құшағына.
Жаныма жақындамай жырақтады
арманым ақ сағымға ұсады да.

Толық

Жеңімпаз

  • 0
  • 0

Төрт жылғы соғыс жанына
салғанмен талай жараны,
орыстың жері тағы да
гүл атып, бүршік жарады.

Толық

Жабығу

  • 0
  • 0

Билігі барды батыр ғып,
ақшасы барды ақын ғып,
жарамсақтарды жақын ғып,
жаны жақынды жатың ғып

Толық

Қарап көріңіз