Өлең, жыр, ақындар

Көш

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1123
Келіннің күлкі етеміз ұяңдығын,
қайныға ат қою да – зиянды ұғым.
Үлкеннің жолын кеспеу,
тезек теріп,
қазанға от жағу да – қиял бүгін.
Иісі таба нанның мұрын жарған,
тәтті еді-ау құйрық қатқан қымыз балдан.
Ірімшік, құрт қайнатып, басқұр тоқып,
текемет басу – бізге бүгінде арман.
Желіде шұрқырайды құлын малы.
Сыңғырлап сала құлаш бұрымдары,
көгеннен қозы ағытса қыз-келіншек,
жігіттер жүйрік мінген жымыңдады.
Шетінен сайыпқыран қыр ұлдары,
өлгені – сөзсайыста жығылғаны.
Асауға бас үйретіп, қыран салып,
арланды шықшытынан сығымдады.
Көркі – көш кең даланың құбылмалы.
Ұқпайды бүгінгі ұрпақ мұңымды әлі.
Ас беру, ат шаптыру, қыз төркіндеу –
айналды ертегіге мұның бәрі.
Жаз жайлап, қыс қыстаған қырымдағы
көш еді тірлігімнің бір ырғағы.
Қыз-келін жорға мініп, бала – тайға…
Япыр-ау, сол көшімді кім ұрлады?
1991



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Атын ұрлатқан кедей!

  • 0
  • 0

Қайран менің тарланым!
Қарақшының тақымында кеттің бе,
аш арланның алқымында кеттің бе –
жер-көк кезіп шарладым,

Толық

Мен қайтсем екен

  • 0
  • 1

Мен қайтсем екен?
Мынау денем өртеніп, барады ысып.
Кетсем бе әлде сандалып арақ ішіп?..
Менен гөрі бақытты-ау әркімдердің

Толық

Нерудаға наразылық

  • 0
  • 0

— Не еткен ғасыр бітпейтін!
Қашан сенің жұт кейпің,
жоғалады кара жерден мәңгілік?
Жеткен жоқ па ойқастауың жанды үгіп?!

Толық

Қарап көріңіз