Өлең, жыр, ақындар

Қыр келбеті

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 549
Сеңсең тон, саптама етік, түлкі тымақ,
тазы ертіп аңшы шықты, бүркітін ап.
Омбы қар. Қыстау маңы жайбарақат.
Қарайды айналаға Күн шытынап.
Жеңілдеу шыға қалсаң, құлақ бұрап
қоймайды аяз деген шұнақ құлақ.
Боз түтін бара жатыр боз аспанға
қырдағы көшкен елдей ұбап-шұбап.
Үй тыныш. Соғым семіз. Тұрмыс жайлы.
Қарғадан өзге қанат мұнда ұшпайды.
Жымыңдап жылтылдаған қардың беті
көз қарып, кіп-кішкентай Күнге ұқсайды.
Жас келін ертіп «кенже баланы» өрен,
бұралып су ағашпен барады әрең.
Ішікті төрт-бес адам қос ат жегіп,
сыдыртып келе жатыр шанаменен.
Тұрса да тас төбеде Күн шалқалап,
бояйды бетіңді аяз қылсаң тағат.
Жал-жая, қазы-қарта мұрын жарып,
қыста да қонақ күту – бір салтанат.
«Қыз көру» салтын сыйлар ел сүрініп,
көрсетпе баса-көктеп ерсі қылық.
Қыдырып сәлем бере келген болып,
күйеуге еріп бірер «елші» жігіт.
Қыр қысы кейде әуреге салсын ұлып,
ешқашан өшкен емес малшыда үміт.
…Сұр қоян, қызыл түлкі қанжығада
келеді белден түсіп аңшы жігіт.
1991



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен досымды жерлегем

  • 0
  • 0

Мен досымды жерлегем. Ашынамын.
Бұл сырымды өзгеден жасырамын.
Жұрттар үшін ол әлі тірі бірақ,
жанында әйел. Жүрген жоқ міні құрап.

Толық

Көсемдікке тапшымыз, кеңдікке де

  • 0
  • 0

Көсемдікке тапшымыз, кеңдікке де,
адамдыққа, мәртікке, елдікке де,
сөйте тұра дүниені тындырғандай
баса алмаймыз аяқты кергіп неге?

Толық

Жаз

  • 0
  • 1

Таң бұзып тынышымды жіберді деп,
жазғы түн кетерінде түнерді кеп.
Жер-ару серпігенде түн көрпесін,
маужырап қарап тұрды Күн елжіреп.

Толық

Қарап көріңіз