Өлең, жыр, ақындар

Құшқанда мені жиі айқара мұң

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 918
Құшқанда мені жиі айқара мұң,
жанарым жасқа толып, байқамадым:
жас іні, жайсаң аға жақсылығын
енді ойлап, дариядай шайқаламын.
Болғанмен жаным ізгі, бай талабым,
сарқылып бітпесе де айтар әнім,
бәрібір жарда жалғыз құрақ едім
о баста-ақ құлататын жайпап ағын.
Ешкім де ғұмырымды демес керім:
төзетін жерде төзбей, егескенім…
Жер басып жүрсем әлі құлап, тұрып –
ерлігім не еңбегім емес менің.
Кіргендей шеңгел жердің жаңқасы кіл
жүрсем де, тірлігімнің қалқасы – нұр,
өзіме сездірмей-ақ аялаған
ортаның, адамдардың арқасы бұл.
Япыр-ай, бастасам ба қайта бәрін?
Біреу-ақ бүгінгі уайым, айтар әнім:
осынау дариядай сезімдердің
қарымын қалай, немен қайтарамын?
Салар ем әрқайсыңа алтын мүсін,
жетпейді оған әзір даңқым, күшім.
Тек сендер қорғап қалған пәктігіме
бір қылау түсірмесе әр күнгі ісім.
Өмірдің сезінсем де таң, ызғарын,
қызуын жойған емес тамыз-жаным,
жаныма қалғу бермес жалғыз жарық –
сендердің алдыңдағы қарыздарым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Келгеніңде сапардан арып-ашып

  • 0
  • 0

Келгеніңде сапардан арып-ашып
(өз ұяңа әйтеуір жаның асық),
жүрегімен сағынып, жылап-күліп
қарсы алса ғой біреулер жамырасып.

Толық

Бай болам деп бір демде

  • 0
  • 0

Бай болам деп бір демде,
омақаспа, қарағым.
Ақыл айтсам мін көрме,
құлақ салсаң, жарадың!

Толық

Саясат

  • 0
  • 0

Саясат та – бір сайқал,
сыйқырлайды жас ұлды,
«Бір іліксең, - жұрт айтар,-
ала-алмайсың басыңды».

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар