Өлең, жыр, ақындар

Сәулелі іңір

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 708
Қырдағы қара бұйра іңір қандай!
Жұтасың тыныштығын дымың қанбай.
Бұйыққан ауа жетпей қайран кеуде,
кәусарын қыр кешінің сімір балдай!
Ой сергіп, қалжыраған ми жаңарып,
сол кештен бойың қуат жинары анық.
Жатады ақ шағылдар көк теңіздің
шуда жал толқынындай бұйраланып.
Қыр кеші, пәктігіңнің жолын бер де,
жетімдей жабырқаған көңілді емде.
Сарғалдақ сағынышым,
көктеменің
алғашқы жаңбырындай, төгіл жерге!
Жібітсін таңдайын сәл сусыз елім
(мен де бір жыңғылыңның бүршігі едім).
Ақ шағыл, өмірдің шаң жолдарында
кірлеген көңілімді жушы менің!
Ұяңнан ерте-ақ ұшқан емес пе едім, алдыңда өмірімді неге екшедім? Келемін ұстай алмай есім кетіп
сонау бір пәк күнімнің елестерін.
Не деген жүйрік еді ғүмыр-сағым, дәл кеше, кеше еді ғой шырын шағым. Шалғында шұрқырайды мама бие шақырып шапқылаған құлыншағын.
1980



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шығыстағы ару қыз

  • 0
  • 0

Жаралған ба ақ сезім, таңнан-нұрдан,
көрген адам қиялдай арман қылған,
бір ару бар Шығыста Тұрсындайдай,
өнерімен әлемді таңдандырған.

Толық

Құлагер

  • 0
  • 0

Халқына өнерімен шырай берген,
жолы да жөні бөлек былайғы елден,
қазақта аты әйгілі бір жігіт бар,
ол – біздің Құдайберген!

Толық

Мұхтар Әуезовты еске алу

  • 0
  • 0

Жылдар зулап, жастық та тарағандай.
Әлі есімнен кетпейді бір жай ғана:
Москвада, жарқырап дала маңдай
Мұхтар отыр жанымда шыңдай дара.

Толық

Қарап көріңіз