Өлең, жыр, ақындар

Жерошақ

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2567
Түнгі аспан моншақ тақты бұлты ашылып
келеміз сайларды асып, қырқа шығып.
Жырақта жерошақтан лаулаған от
жылылық құндағы боп тұр шақырып.
Сіміріп тыныштығын өскен кешім,
жаныма Күн қызуын төккен бесін,
таңғы сәт бота боздар – енді бүгін
бәрі ыстық талай өрді өткергесін.
Жерошақ! Жанымда осы өшкен бе есім,
жалғанда жылуыңа жоқ теңдесің.
Есімде: әжем менің бата берсе,
дейтұғын: «Ошағыңнан от сөнбесін!»
Қыр елі адалдыққа нық сенетін,
сақтайтын кілттемей-ақ құрт пен етін.
Есімде – анам көмген жерошақтан
ертемен от алуға жұрт келетін.
Мезгілің озған сайын жыл ескіріп,
әр үні бал шағымның жүр естіліп:
анашым Прометей боп көрінетін
ошақтан жатқанда отты үлестіріп.
Ойласам, сең кешіппін, жел асаппын,
бұл кеште көңіл мұңын неге шақтым?
Қызуы бар әлемнің жетпейтіндей
маздаған жылуына жерошақтың.
1981



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалын мен ырғақтар

  • 0
  • 0

Жол бойында
кісендердің сыңғыры.
Жасыл орман құс әнімен мүлгіді.
Тәтті әуенін пальманың,

Толық

Біздің елде көктем-ау...

  • 0
  • 0

Толқындарың бұрқанып,
таңдарыңнан нұр тамып,
көк аспанның төсінде
алқа қылып Күн тағып,

Толық

Бағың жүріп тұрғанда, бәрі жақын

  • 0
  • 0

Бағың жүріп тұрғанда, бәрі жақын,
досың да көп іздейтін, сағынатын,
арыңды арлап, сөзіңді сөйлер сенің
жүргеніңде жоламай жаныңа түн.

Толық

Қарап көріңіз