Өлең, жыр, ақындар

Ұйқы

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 523
Ел ұйқыда. Тым-тырыс,
ауыл иті қалғиды.
Дауыл да жоқ. Қыр тыныш,
тыныштық та әрқилы.
Сөйлесе ауыл ағасы:
«Ел, ұйқыдан тұрғын!» – деп,
керіледі баласы
төсегінде міңгірлеп.
Өзгеріпті бүгін ел:
жатса бір ит сыртта үріп,
ауыл түгел жүгірер,
аяғынан тік тұрып.
Ел шулайды, іс қылмай,
заман құлқын байқай ма?
Дана сөзді қыстырмай,
жүгіреді айқайға.
Мысқылдап жұрт қарайды
ұйқылы-ояу сиқыма. –
оятатын талайды
намыс әлі ұйқыда.
Түнек пе әлде ақ таң ба –
білмен, кеудем тас қамыт,
ұйқы тәтті жатқанда
намысымды жастанып.
1987



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кітаптар

  • 0
  • 0

Күн нұры мен сау тамыр гүлдетеді бұтақты,
махаббат пен ұзақ жол туғызады кітапты.
Егер оның ішінде елдің иісі болмаса,
сұлу қызбен сүйіскен ердің иісі болмаса,

Толық

Сунақтың сұлу қыздары

  • 0
  • 0

Жігіттер, шағын мынау жырлап қалар,
салдықпен сұлу құшар, сырды ақтарар!
Қиғаш қас, құралай көз қыз іздесең,
сенделме, селтеңдеме - Сунаққа бар!

Толық

Әкелікті сезіну

  • 0
  • 0

Сен туғанда маған қонған бақ дедім,
исің жұпар, шырын-балдай тәтті едің.
Ортамызда құлыншақтай құлдырап
қызық еді былдырлаған сәттерің.

Толық

Қарап көріңіз