Өлең, жыр, ақындар

Әуеде ұшып жүрген көк көбелек

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 990
«Әуеде ұшып жүрген көк көбелек».
Сезімін қандай жүрек төккен ерек?
Үй салмай, мүсіндемей, мешіт соқпай,
тарихын әнмен өрген не еткен ел ек?
Бұл әнде бар жүректің оты бардай,
сол отты лапылдатқан тоты қандай?
Шымырлап тұла бойым естігенде
орнымнан тұрып кетем отыра алмай.
Күміс үн, нәзік тұлға, ақша қабақ,
бір сүйсе айнымайтын досқа жарап…
Әндегі сол қыздарға қызығудан
түседі жанарымнан жас домалап.
Тек өзі сұлулықтан үміткер Ай
қызғанып, қалған шығар бұғып талай.
Күмістей сымға тартқан қыз тұрғанда,
мәрт мінез батыр болмас жігіт қалай!
О, қайран қазағымның халық әні-ай!
Төгілер сол әндерден жаныма арай,
сағыныш, шарасыздық, ел мен дала –
сыйып тұр әуеніне бәрі қалай?!
Халқымның тыңдағанда қиял әнін,
жаныма нәзік нұрлы күй аламын.
Өзіме қарап қойып, кей жігітке
жамансың деуге сонда ұяламын.
1985



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ән

  • 0
  • 0

Бұл ән жазылды
түнді бүркеніп,
таң шапағын аласұрып күткенде,
ақырғы дем біткенде,

Толық

Өкпелеп жүрсіңдер ме?

  • 0
  • 0

Өкпелеп жүрсіңдер ме?
Жетпегендей бір демі тылсым кеуде
тұншығады бейуақыт сендерді ойлап
оңаша күрсінгенде,

Толық

Жібек бақшаға бармаған күн

  • 0
  • 0

… Сыр шертісіп келеді.
Қыстың аппақ желегі
желбіреген басында
дірілдейді терегі.

Толық

Қарап көріңіз