Өлең, жыр, ақындар

Мына кештің ғажабы-ай

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 524
Мына кештің ғажабы-ай,
Сарыарқаның кештері.
Көк аспанның ажары – Ай
жұлдыздарды екшеді.
Баурап қырдың жамалы,
тұрмын көзімді ала-алмай.
Күн қырындап барады
көңілі қалған адамдай.
Мазасыздық таптаған
жаным бүгін саябыр.
Тыныштық бер, пәк далам,
мені де сәл ая бір!
Ая, кештер, ая, қыр,-
сабырыңнан бер маған.
Жылытады сая нұр,
аман болса кең далам.
Бір бұлақтар басталып,
бір кеуделер гүл атты.
Кетті менен жас тамып
ұстағандай мұратты.
Әйел деген – бір адам:
қарап тұрып ұнаған,
жұбанса жа жылаған,
қуанса да жылаған.
1984



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұтқыншақ

  • 0
  • 0

Жүруші едім мен күліп,
жанымнан бір кеткендей-ақ сең жүріп,
астан-кестең бола қалдым, байқасам
өлім маған қарап қапты телміріп.

Толық

Балалық шақпен қоштасу циклынан

  • 0
  • 0

Алыс қалған балалықтьщ пәк дәмін
таңдайыма келтіріп,
қызым менің қия алмаған шақтарын
қайталайды ентігіп:

Толық

Көңіл

  • 0
  • 0

Аспан шәйдай. Жанымда қырық қайғы.
Күн де майдай, ал мені жылытпайды.
Тайлы бие сауғанның сабасындай
көңіл тақ-тұқ. Ішті ыза шыбықтайды.

Толық

Қарап көріңіз