Өлең, жыр, ақындар

Әрқашан да бағалайық отбасын!

Қымбат екен отбасы әр адамға,
Тұрады ғой орны бөлек ғаламда.
Болатұғын далаң, тауың, қалаң да,
Отбасыңды сақта мәңгі санаңда.

Отбасымыз — бұл Отанның бөлігі,
Әр отбасы берекенің өнімі.
Ата-анаға бала тәтті өрігі,
Жақындарың бар жаһанның көрігі.

Бір Тәңірім отбасымды сақтасын,
Ешбір адам отбасынсыз қалмасын.
Жақындарды, жақсылардық жақтасын,
Әрқашан да бағалайық отбасын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аналар күніне

  • 0
  • 0

Барша аналар құтты болсын мейрамың,
Әрқашан да ойлап жүрер ел қамын.
Гүлдей жайнап, жадыранып жүздерің,
Сәттілікке толы болсын күндерің.

Толық

Ән-жырымның арқауысың, Анажан!

  • 1
  • 0

Жарық қылған әрбір атқан күнімді,
Тыныш еткен мейіріммен түнімді.
Маған өмір сыйлаған жан Анашым,
Құтты болсын мерекеңіз бүгінгі!

Толық

Тәуелсіздікпен сырласу

  • 0
  • 0

—Тәуелсіздік, тәуелсіздік дейді жұрт,
Сол кездегі қиындықтар болды ұмыт.
Тәуелсіздік, айтшы енді біздерге,
Елімізге қалай осы келді құт?

Толық

Қарап көріңіз