Өлең, жыр, ақындар

Абай Құнанбайұлына арнау

Абай ата – дана ақыны қазағымның,
Мөп-мөлдір су тамшысы бастауымның.
Жалынды жырларыңмен сусындап бір
Шоқ жұлдызы боп өтейін қазағымның.

Әрбір айтқан өсиетіңе бас иемін,
Көз жасын көріп едің қалың едің.
Қазағыма қиын қыстау күн туғанда,
Естіп едің халқыңның азалы үнін.

Жүрекке жете білді әр сөзіңіз,
Көзімізбен көрмесек те, сізді өзіміз.
Қазақтың қара өлеңін, қара сөзін
Әлемге таныттыңыз сіз өзіңіз.

Өз елің өз-өзіңе жат болмайды,
Ту сыртыңнан оқ-қанжарды қадамайды
Ғибратты сөзіңізге құлақ түрмей,
Ол жанның болашағы бір жанбайды.

Өзгелер ұмытса да, ел ұмытпас,
Еш ұрпақ бой түземей, бетін бұрмас.
Қазақтың ұлы ақыны, дара Абайы,
Сондықтан сүйер халық сізді ұмытпас.

Сіз секілді білім отын жаға алсам,
Сөз өнердің биігінде жана алсам,
Арманым жоқ, егер мына өмірдің
Кетігіне кірпіш болып қалансам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз