Өлең, жыр, ақындар

Терек пен теңіз хақында

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 189
I
Ей, бәйтерек, бәйтерек!
Мына жүрген бiз сен болсақ, қайтер ек?
Ceнi тарих дерегі деп айтады,
Осы ceнiң сол дерегің қай дерек?..
Күн көзіне айтып арыз, шағым да,
Бой тілейсің, бойың сенің шағын ба?..
Қырауытып бip қалыпта қыс бойы,
Өспегенің — өкпелеген шағын ба?..
Бip орында мелшиіп кеп тұрыста
Бастан кештің шайқалыс та, ұрыс та.
Сұрапылдан еш кiнәciз ең әлсіз
Бұтағыңды қорғамауын дұрыс па?..
Құстың, рас, көтересің ұясын,
Ұясына күннің нұрын құясың.
Ал өзің ше?.. Жылда-жылда жасарып,
Жапырағыңды қалай жерге қиясын?..
Табиғаттың шыбын-шіркей, масасын,
Жинап, соған алақанын тосасың.
Ал өзің ше?.. Жалаңаштап, ырситып,
Тамырыңды табанына басасың.
...Бip жақсысы — бар болғаны терексің,
Адам болсаң, бүйтіп кімгe керексің?..
Қай заманнан қанша биік болсаң да,
Бар болғаны — бip басына дерексің.
Сол себепті түк демейтін тұйықсың;
Тұла бойы — толы дерт пен күйіксің.
Неге десең: өз өмірің жолына
Құрбандықты көп бергеннен биіксің.
Бізгe, ендеше, көп көтерме жотаңды,
Ұрпақ бізден қуат алды, от алды.
Біздер мұнда ап-аласа жүріп-ақ,
Төбемізге көтереміз Отанды.

ІІ
Ей, теңіз-ау, ей, теңіз!..
Мына жүрген бiз — сен болсақ, қайтеміз?.
Дүниеде ceнi терең дейді ғой,
Сол тереңнен қалып жатқан қайсы еді iз?
Талай жерден тарих бетін қайырсақ,
Қалдырғанын мүжіген тас, қайыршақ.
Қисабы жоқ өлекселер... не болдық
Соған қарап тереңдікке бой ұрсақ?..
Сен қалдырған ойпатын мен қырлығың
Оятады жан түршігер түрлі ұғым:
Ағаш діңгек, алтын, гayhap — бip кезде
Tipi жанға тic жармаған ұрлығын.
Бipeyi жоқ батқан қайық, аулардың,
Арулардың, мәуелеген баулардың.
Нұрдай тұщы кәусәр қайда сен сорған
Тарам-тарам тамырынан таулардың?..
Ол орында удай ащы сор қалған,
Бipeyi жоқ мүсіркеп қорғалған.
Түгел шарлап түciп кетсем iзiңe,
Жұмысын — сол, тыңдырам деп қолға алған.
Бip жақсысы — тек бip теңіз дүлейсің,
Адам болсаң, кімге рақым тілейсің?..
Қай заманнан қанша терең болсаң да,
Iшiп-жеген iздеріңді үлейсің...
Сол себепті мылқаусың да, кереңсің!
Осы айтқаннан титтей жеміс теремсің?..
Тере алмайсың. Өйткен сен өзіңнің
Құлқынына құм да жұтқан тереңсің.
Қаба берсең мейлің жартас, жарыңды,
Ал бiзгe сен — күдірейтпе жалынды.
Мына бізде сұлулық пен тірлікке
Махаббат бар күштен бетер жалынды.
Бip-ақ қарыс көкipeгiмiз біздердің!
Сонда жатыр не ғажабы іздердің!..
Иланбасаң iзiнe түс, өзi айтсын
Бip кездегі нелер жапан түздердің!..
Ей, шын биік, тереңдікті қорыңдар!..
Тапсырма көп мезгілімен орындар.
Көкірегімде айтқанымды қылатын
Терекке де, теңізге де орын бар...
Өз Отаным, ортам аман-есенде
Тағылыққа жіберетін есем бе?!
Тағылықтың босатпаймын eшбipiн,
Аласамын, тайыз-ақпын десем де!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тоғысу

  • 0
  • 0

Волга - Дон өзен екі өзен жарысып,
Білуші ек мың жылдар аққанын;
Жазда жел долданып әрі ысып,
Екі орта елге мұң шаққанын.

Толық

Жезқазған жыры

  • 0
  • 0

Бұл өлкеде жерлерім аз баспаған
Су сапарын бұл өлкеден бастағам.
Бұл өлкенің әусімен ұшсам да,
Көз қиығын көктен жерге тастағам.

Толық

Бір досыма басалқы сөз

  • 0
  • 0

Қайраты жоқ жыламсақ жасық қайғы
Сен асықпай, сен үшін асықпайды.
Ақырын-ақырын жүйкеңді азық eтiп,
Үзілмеген үміттен қашықтайды.

Толық

Қарап көріңіз