Өлең, жыр, ақындар

Жасыбай перзенті

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 294
Өтірік айтсам болар ед сөзім ғapiп:
Жасыбайды көргем жоқ өзім барып.
Естуімше, ерте-кеш ерке бұла
Өнеді екен қайнардың көзін жарып.
Баян тауға табиғат басыбайлы,
Сыйға тартқан көл пірі Жасыбайды.
Өзі мөлдір кәусардың, өзі терең,
Не орынсыз лепіріп тасымайды.
Ел жинап жүр бұл көлден нeciбeciн,
Сен де бар, көр!..
Бармасаң кешігесің!
Менен бұрын сен неге барасың деп,
Көрген жанға несіне өшiгeciң?!—
Осылай деп қасиетті Жасыбайды
Көрген достар айтудан жасымайды.
«Мен де соны көрдім!» — деп кеуде соқсам,
Жаным соның дәлелін жасырмайды.
Мөлдір терең жә бекер тасымайтын,
Қайнары еш кермексіп ашымайтын,
Мынау — біздің кәдімгі Дихан ақын —
Жасыбайдың перзенті ашық, айқын.
Иә, ағайдың балғадай ісі мықты,
Мөлдір, терең жырлайды кісілікті.
Қайран Дыхаң тұрғанда көз алдымда,
Кермесем де Жасыбай түсінікті!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әкелердің ізімен

  • 0
  • 0

Жүріп келеді,
Тұрып көреді ұландар
Қаһарлы жолын әкелердің.
Жөнді сол жүйе, —

Толық

Есболат қытайда жүр

  • 0
  • 0

Таң ата көрсем ғажайып
Тау жақтағы терезем.
Тау әжімі азайып,
Жасарыпты жер, өзен.

Толық

Баршынға барар жолда

  • 0
  • 0

Қарт ақын Мұқан Сабиті
Әшекей таудың басында,
Әлдилеп өлең-сәбиді,
Қарайды сонау Баршынға.

Толық

Қарап көріңіз