Өлең, жыр, ақындар

Бибігүл ханым хақында

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 550
Бағымызға туған бұлбұл Бибігүл
Мың құшақтан бip құшаққа жиды гүл.
Тағы-тағы сайрап болып тағы да
Сонша төмен басын кімгe иді бұл?
Көпке дерсіз? Қолмен бipгe қолсымақ
Қошаметтеп овация болсын-ақ
Бipaқ бар ғой, Бибі жаны жанаттай,
Пенде түгiл періштеге ол сынақ.
Әзіз үннен алдың екен азықты
Өтелмесе сенің жанын жазықты.
Гүлмен алдап ала алмайсың!
Бибіге
Тәңipiм дұға сыйламақты жазыпты.
«Өнеріне өзi ылайық орнықты,
Мақтаншақтау жарамсақтан ол мықты
Ол осылай айтылады аңызда,
Аңыз Бибі биік тартқан жолды ұқты .
Көре жүріп, тұрмысынан сыр алсақ,
Пенде емес ол басына бақ сұрамсақ.
Жеке бақыт жерде жоқтай ол үшін,
Жерде жоқты қайтсін ару құр аңсап?!
Елге бақыт үлестірген азапкер,
Eкi дүние күнәдан ceнi азат дер.
Жарылқауға жаратылған жаһанды
Қалды бойда төгілмеген аз-ақ тер.
Тер таусылар, түгесілмес мезгілің,
Өмip солмай, солмас сенің өз гүлің!
Сайра, бұлбұл! Саған риза Жер Ана,
Жер Анадан жұлдыздарға озды үнің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тың жерде жас бір ақын

  • 0
  • 0

Тың жерде жас бip ақын,
(Ол өзінше ipi ақын);
Тақырыбы қыз дейді,
Соны ғана іздейді

Толық

Әр кездегі экспромт

  • 0
  • 0

Жатырмын жат өлкенің жылғасында,
Ажалдың алпамсасы тұр қасымда.
Билігі талықсыған тағдырымның
Қақыратқан қабырғамды қорғасында.

Толық

Душанбе

  • 0
  • 0

Жан Душанбе! Көп сырдың жатағысың,
Былтыр келсем, бip тәжік ата кici:
— Қарт әжедей қасиетті қышлақ, — деді,
Келген оның тап солай атағысы.

Толық

Қарап көріңіз