Өлең, жыр, ақындар

Жаңбыр

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 9702
Күркірете көгімді
Көк ала бұлт сөгілді.
Отты көзі жалтылдап,
Бір шолып қап жерімді
Нөсерлетіп ақтарды
Аспан толы теңізді.
Жапырақ қандай жаңарды,
Жаным қандай дем алды.

1955
*∙*∙*
Өрістен қайтқан інгендей,
Мезгілін сезген сауынның.
Шудасы жерге тигендей
Келеді бұлты жауынның.
Келеді боздап жануар,
Желіні сызып жер бетін.
Қаласаң қанша сауып ал,
Жылы екен биыл төгетін.
Келеді жылжып аспанмен
Көшпелі менің теңізім:
Төңкеріп түгел тастар ем,
Етем - ау апат жер жүзін.
Қаласам көгім сілкінер
Атылар оттар, жарқылдар;
Қаласам аспан мөлдірер,
Көк ала қосақ, тартылар,
Бәрі де бүгін қолымда,
Айтқаным келеді айнымай;
Қазақтың жүрер жолында
Тұра алар енді қай құдай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ту

  • 0
  • 0

Тұрғанда ту тілдесіп биіктермен,
Көзін алмай қарайды сүйікті елден.
Алыстың да хабарын алады ол,
Жүйрік желден барлығын жиып келген.

Толық

Сөз туралы

  • 0
  • 0

Сөз қандай бай, білем соның қаншасын
Жатып тұрып санадым.
Әрбіреуін қолыма ұстап үңіле
Асыл тасша қарадым.

Толық

Аттан түскенде

  • 0
  • 0

Желе аяңдап Қаракөкпен,
Жеттім міне аулыма.
Жас жүрегім соқты қатты
Жеткенкен-ақ ел маңына.

Толық

Қарап көріңіз