Өлең, жыр, ақындар

Көңіліме

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2715
Айнусыз алғыр көңілім,
Араның әбден ашылсын.
Жырларың буған сөз гүлі,
Будақ - будақ шашылсын.
Суарған семсер сияқты,
Жастықта жатпа, жайраңда.
Найзадай алтын қияқты
Майданға түсіп маймаңда.
Өмірдің қойған сертіне,
Әр кезде, көнбе, берілме.
Ем болар жырла дертіңе,
Көкірегіңді керіл де.
Күл, ойна, жыла қайғыға,
Ет болса ойға алғаның.
Аз күн жалған зайғы да,
Қалмасын құттай арманың.
Зарла да жібер, жыр жырлап,
Қиялдың шиі шешілсін,
Бұлбұлша сайра зар зарлап,
Көсем тілің көсілсн.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бар ойым бастан кешті көзім көріп (А.С.Пушкиннен)

  • 0
  • 0

Бар ойым бастан кешті көзім көріп,
Көп қиял солғындады сәуле сөніп.
Жалғыз - ақ қалған нәрсе азап тарту,
Жемісі жалған ойдың жүрген көніп.
Бернияз Күлеев

Толық

Ғашығыма

  • 0
  • 0

Жаңа гүлдеп жайнаған жас өмірім,
Жаңа көріп жалғанның жарық күнін.
Таудай талап, дариядай үмітпенен,
Желкілдетіп жай тапқан ғашық гүлім.

Толық

Өлім - құрдым, өмір - өзен, жоғалт

  • 0
  • 0

Өлім - құрдым, өмір - өзен, жоғалат,
Өсер өзен тұрмыс жасын сорғалап.
Тағдыр желі еркіні қоймай айдаса,
Сорлы қу бас қайда кетпес домалап.

Толық

Қарап көріңіз