Өлең, жыр, ақындар

Наурыз

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 554
Аққулы аспан көктерден,
Құстар ұшып жеткеннен.
Келдің тағы, Наурызым,
Туған елге көктеммен.
Бесігім боп тербесең,
Құшақ жайып жер-көсем.
Келдің тағы, Наурызым,
Аман-есен Елге сен!
Дәстүр-салтты ел екем,
Тассын дәулет берекем.
Төрлет елдің Наурызы,
Той-думаным, мерекем!
Маңдайға біткен екі елі,
Дала қазақ – мекені.
Астанамнан Наурызым,
Алатауға жетеді.
Айналғандай анама,
Сіңген салтым – санама.
Алматымнан Наурызым,
Сапар шегер далама.
Қарбаласта тыныш күн,
Бөлеп алды нұр үстін.
Далам, тауым қарсы алды,
Ұлы күнін ұлыстың!
Далам менің тыңдашы,
Таудай қазақ тұлғасы.
Құтты болсын, Наурызым,
Құтты болсын Жыл басы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дана халқым осылайша сыр еткен

  • 0
  • 0

Дана халқым осылайша сыр еткен,
Туған бірақ ізгі ниет тілекпен;
Жас туралы шежіреге сүйеніп,
Әзіл-шынын жырға қостым жүрекпен.

Толық

Мен сені сағынғалы күн қашан

  • 0
  • 0

Мен сені сағынғалы күн қашан,
Өз-өзіммен іштей ғана сырласам.
Махаббаттың отына бір шарпылып,
Бұл дүние айналмай ма жырласам.

Толық

Ғашықтық – ол да өнер

  • 0
  • 0

Ғашықтық – ол да өнер,
Жүректі толғап енер,
Поездың үстіндегі
Жолаушы жолда келер.

Толық

Қарап көріңіз