Өлең, жыр, ақындар

Екі арада таңым атып, күн батып

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 418
Екі арада таңым атып, күн батып,
Дүниеде өзің мені жырлатып.
Поэзия падишасы – лирика,
Сеніменен кездескенім бір бақыт.
Жер анам да бір орнында тұрмайды,
Дүниенің өзі де ақын жырлайды.
Поэзия падишасы – лирика,
Сеніменен қоштасқаным бір қайғы.
Қарашығы, қос жанарым шырағы,
Кәусар мөлдір өмірімнің бұлағы.
Поэзия падишасы – лирика,
Кездесу мен қоштасудан тұрады.
Қимай осы, өмір сүріп аңсаған,
Көз алдымда өтті менің қанша адам.
Қайғым да осы, бақытым да – лирика,
Басымды идім, О, падишам, мен саған!

18-19 желтоқсан 2012 жыл
Алматы шаһары



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біреулер жаннан бетер сүйіп мансап

  • 0
  • 0

Біреулер жаннан бетер сүйіп мансап,
Шырқайды жүрек құрғыр сүйікті ән сап.
Адамның баласы бар тауға құмар,
Өтеді өмірінде биікті аңсап.

Толық

Сағыныш

  • 0
  • 0

Туған жер топырағы — құмға асыққан,
Арал келсе, сағынып Сырға асыққан.
Сырға келсе, Алатау шыңға асыққан,
Шүкіров Зейнолла атты, Зекең атты

Толық

Зулайды күндер

  • 0
  • 0

Зулайды күндер,
Тулайды жүрек бұлқынып.
Өзімде менің,
Көзімде менің мұң тұнып;

Толық

Қарап көріңіз