Өлең, жыр, ақындар

Ақын (А.С.Пушкиннен)

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 1831
Әзірге әуре емес ақын анық,
Күні кеп қан құрбанның кезек салық.
Жазғанның азабы мен - ақ зарында,
Қыршын жас күн ілгері болған ғарық.
Ізгі жыр естілмейді саз бен әні,
Жан сезіп ызғарлы өмір, татқан дәмі.
Елеусіз жалғанның бар бендесінен,
Кім білер елеусіз деп оның жаны.
Бірақ та аспан көкті қаптап ауаз,
Естілсе ұғымына өзгеше саз.
Толғанар ақын жаны шын елжіреп,
Сескенген қара құстай болып сабаз.
Қол, әскер қазығынан дүниенің,
Жатсынып жұрт сөйлеген сөздің мінін.
Әуренің өңшең есер құдайына,
Маңызды басын иіп етпес тәжім.
Даурыққан жаһан толы қалың заңға.
Жабайы жабыққан құр қалыбыңда.
Жол тартар көк толқын мен орман, тоғай,
Үздіксіз шуылдаған мәңгі «сынға».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жазғы дала

  • 0
  • 1

Жайнаған дала,
Ойнаған бала,
Жайылған малмен жабулы.
Керілген көкте,

Толық

Ақталу

  • 0
  • 0

Бұзылған дейді, жынды дейді,
Ісімді көріп көп адам.
Еткенін алған мойнына
Менен дұрыс бар ма жан?!

Толық

Келер бір күн таң атар

  • 0
  • 0

Келер бір күн таң атар,
Ай да туар, Күн шығар,
Айдаһардай төксем қаһар
Айбарыма кәм шыдар,

Толық

Қарап көріңіз