Өлең, жыр, ақындар

Қосшы

  • 14.04.2022
  • 0
  • 0
  • 559
Айта берме тосты да,
Сабыр етіп, дос шыда.
Нұра өзені жанында,
Жатырмыз біз Қосшыда.
Болса дейтін берекем,
Батпағы мол жер екен.
Қосшы дейтін аулақта,
Елді мекен ел екен.
Жұлдызды аспан, түнің бал
Жүрегіме жылы үн бар,
Қосшы дейтін сол елде,
Маған ыстық бір үй бар.
Мағыналы мол үйде,
Сыр қазамын сол үйде,
Мәңгілікпен сырласып,
Жыр жазамын сол үйде.
Көкжал арман ұлиды
Жан-жүрегім жылиды,
Өлең үйі – осы үй деп,
Бағалаймын бұл үйді.
Қамшы арқамды осқандай
Жәрдем берер дос қандай,
Бәйгесіне өлеңнің,
Қосшы мені қосқандай!
Жүзіп терең бойлармын,
Мұхитында ойлардың.
Озып келсе Бәйге атым,
Қосшыда бір тойлармын!...

23 наурыз 2014 жыл
Алматы-Астана-Қосшы
Астана-Алматы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ мамық

  • 0
  • 0

Қол бұлғап кең даланың қалды аруы,
Өмірдің қандай жақсы жап-жарығы.
Даланы құшағына ап ақ қар жатыр,
Аспанның ақтарылған ақ мамығы.

Толық

Туған жер (балалар әні)

  • 0
  • 0

Жайлау гүлге тұнатын,
Атам, әжем тұратын,
Мен ауылды,
Мен ауылды сүйемін!

Толық

Ақын көңіл

  • 0
  • 0

Жүректерді жырмен ашар кілт болып,
Жыр оқысаң — Жер қайысқан жұрт толып,
Найзағайға темекіңді тұтатып,
Нөсерлесең — көкірегіңе бұлт қонып.

Толық

Қарап көріңіз