Өлең, жыр, ақындар

Досым В. Ш-ға

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 400
"Жақсы күнге дейін аман болалық!"
Деген едің қоштасарда қол алып.
Алданыппын, күпті боппын мен бекер,
Ондай күндер келмейді, дос, ол анық.
Асыл досым! амал қанша көнбеске,
Айналдым мен болашаққа сенбеске.
Болғаны рас қуанышты күндердің,
Бірақ олар кеткен қайтып келмеске.
Өткен өмір пайдасы жоқ сан сұрақ.
Арттағыға алаңдама сансырап.
Сияқты ол жағалауға шақырған
Түпсіз тажал теңіздегі шамшырақ.
Білемін мен, білемін мен о жағын,
Ескекші жан женіп теңіз тажалын,
Көрер болар жақын тұрған жаға мен
Жағадан да жақын қалған ажалын.
Жетеді енді! Құр қиялды қоялық!
Болды көңіл қызыл қанға боянып;
Ғажап түсін жаңа көре бергенде
Кетеді, әттең, сорлы жүрек оянып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің демоным

  • 0
  • 0

Жауыздық қана тілейді,
Жайлайды түнек аспанды,
Тілейді кілең дүлейді,
Ну жылап, дария тасқанды.

Толық

Тасқын

  • 0
  • 0

Іңкәрға толы тұмамын,
Ғажайып және телегей;
Түбімде - күміс құм ағын,
Бетімді шалмас көлегей.

Толық

Ән

  • 0
  • 0

Күңгір-күңгір қоңырау,
Екі көзі жас бұлау,
Қыз жылайды егіліп,
Біреу қастап,

Толық

Қарап көріңіз