Өлең, жыр, ақындар

Шарық тас

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 1892
Тастан-тастың асыл-ай
Көктен түскен жасындай.
Жатыр дала төсінде
Кейбір таулар қосылмай.
Алтын, Күміс, Темір де
Тау ішінде өңірде.
Бар асылын береді
Ел билеген-Өмірге.
Түрлі түсті сәнімен,
Тастар қымбат-дәріден.
Үйімдегі-Шарық тас
Маған артық бәрінен.
Үйдегі бар пышақты,
Біз, қашауды, ұсақты,
Дүзі барды қайраймын
Үйдің мүлкі тұрақты.
Таңданамын тас құмға,
Берік бітім-ұсқынға...
Екі беті жұқарып
Жатыр төсек астында!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Соғады

  • 0
  • 0

Соғады,
Көз ілмейді-өмір желі,
Тау, тас та,
Мүжіледі темір тегі.

Толық

Топ ішінде

  • 0
  • 0

Топ ішінде,
Біреу жүр, бой жасырып,
Мақсатын,
Мансап қуған-ойға асырып.

Толық

Тағдырдың-тауқыметі

  • 0
  • 0

Тағдырдың-тауқыметі,
Көрінбейді,
Ол, Сенің соңында жүр, ерінбейді.
Одан қашу,

Толық

Қарап көріңіз