Өлең, жыр, ақындар

Дұға

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 539
Құшатындай шапағатты таң нұрын,
Жалбарынам, жалынамын, тәңірім,
Өтінбеймін өз басымды құтқар деп,
Тапсырамын бір сорлының тағдырын.
Емес маған жалғыз басым уайым
Жалбарына, жалына кеп сұрайым,
Бұл тірлікте панасыз бір сорлыны –
Соны өзіңе тапсырамын, құдайым.
Осы қызға мол бақыт бер, ерік бер,
Жаны ашитын жанына бір серік бер,
Уа, жаратқан, сол байғұсқа мейірмен
Ұзақ өмір, жарқыраған көрік бер.
Атар таң мен батар күннің алдында,
Мен тілеймін жалбарына, жалына,
Періштедей ақ тілеуін арудың
О, тәңірім, көз жасы үшін қабылда.
Айырылыстық, әйтсе де суретіңді
Жүрмін сақтап төсімде әлі күнге,
Жақсы жылдар елесі сол секілді
Разы боп барына жаным мүлде.
Бой ұрып қусам не бір құмарлықты,
Кете алмаймын тек қиып сол суретті:
Ел кеткенмен, тұрады храм мықты,
Қастерлесең - сол тәңір құдіретті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара көз

  • 0
  • 0

Көп қой жазғы түн жұлдызы,
Сенде неге екеу-ақ.
Оңтүстіктің қара көзі,
Кездестік-ау бекер-ақ.

Толық

Ән

  • 0
  • 0

Күңгір-күңгір қоңырау,
Екі көзі жас бұлау,
Қыз жылайды егіліп,
Біреу қастап,

Толық

Сүйгенім сен емессің, басқа, жаным

  • 0
  • 0

Сүйгенім сен емессің, басқа, жаным,
Мен үшін жаралмаған жақсы ажарың.
Сендегі мен сүйетін - ескі дертім,
Баяғы құрып кеткен қасқа шағым.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар