Өлең, жыр, ақындар

Құрбандық

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 283
Ибраһим пайғамбардан басталған
Үлгі болып кейінгіге тасталған,
"Еркек тоқты құрбандық" деп мақалдап
Көріктіні, данышпанды, жасты алған.
Сол құрбандық, Тәңір, Саған керек пе?
Жан түршігер ой жүгіртсек дерекке.
Сұраса ғой құрбандардан жазықсыз
Олар ойы тірілерден бөлек пе.
Тегістедік құрбан етіп дөңесті,
Жарлы байға, сорлы ханға теңесті.
"Қызыл дауыл" жалмағанда жаһанды
Тірі қалған жоқ-ау пенде, жөн есті.
Қасиеті кейбір дара тұлғаның —
Отқа өзін жақтырыпты бір ғалым!
Ағалардың бағыныпты ырқына,
Құрбан еткен жастық шағын Нұрғаным.
Шындық сөзге адам көп жыл шөл өтті,
О да құрбан болып кеткен себепті.
Бола ма деп жаман үлгі ұрпаққа
Шалған бір кез Еңлікті, Кебекті.
Босқа ма деп құрбандықты есекенем.
Қалмады ма қызғанарлық ештеңем?
Бір заманда біздер тойып жүрер деп,
Әке-шешем тоя тамақ ішпеген.
Өмір сүрді құрбандарды қырған тек,
Ауызға ұрды, менше ғана жырла деп.
Ұлы болып туғандардың әрқашан
Жазығы не кетерліктей құрбан боп?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрек жұтқан ерің мен

  • 0
  • 0

Аман қалған ажал оқтан, өлімнен,
Тұрып кеткен салып қойған көріңнен,
Қорқынышқа қылбұрау сап үйреткен —
Жүрек жұтқан, мақтанайын, ерің мен!

Толық

Бәріңе қарыздармын

  • 0
  • 0

Анама қарыздармын! —
Алты рет анау жаққа барып келген,
Сондықтан алты бала жарық көрген
Мен өзім бар анаға қарыздармын —

Толық

2000 жыл табалдырығы

  • 0
  • 0

Көңілдің хошын даладан тапқан саяттап,
Шаруа елім ғұмырды сүрдің жай аттап.
Асықпай ақыр арбамен жеттің қоянға,
Мың жылды мынау бостандық тумен аяқтап.

Толық

Қарап көріңіз