Өлең, жыр, ақындар

Жақындайсың бір аттап

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 443
Қалмайды адам бұ пәниді тұрақтап,
Мәңгі өмірге жақындайды бір аттап.
Мына сөзді, тыңдап көрші, ағайын,
Бір ойымды болдым елге сынатпақ.
Бұл Әлемді Алла бізге жаратты,
Ол белгілі, сезер көзі қарақты.
Бір күн өмір сүру үшін адамға
Бір-ақ тостақ көже кейде жарапты.
Ал байыдың, шектен шыға делікші,
Ал баймын деп асып-тасып желікші.
Сіздер түгіл Пайғамбарға бір күні
Жанын сұрай Әзірейіл келіпті.
Ал алдадың, ал арбадың — байыдың,
Жоғалды ма жүректегі қайғы-мұң?
Ойлап қара "ие Алла шүкір" деп,
Өтті сенің уайымсыз қай күнің?
"Пайда, пайда, пайда" десең күніне
Иман кетер сенен мүлде түңіле.
Мыңға бірді қоссаң алдап пақырды,
Сені кім деп, дейміз сонда мұны не?
Қалмайды адам бұл пәниді тұрақтап,
Мәңгі өмірге жақындайды бір аттап.
Мұсылмандар, орның болар Жұмақта,
Алла деші, иман сөзін қуаттап.

Қарғалы. 28.07.2000.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дәме

  • 0
  • 0

Кенже қалып бұл жарысқа қосылдым,
Сынап көрші, халқым, бағын осы ұлдың.
Мүмкін шауып бәйгі алармын жарыста,
Демігермін, ұзай алмай алысқа.

Толық

Өлең

  • 0
  • 0

– Өлең сенің анаң болса қайтер ең?
– Өмір бойы ардақтаумен өтер ем!
– Өлең сенің жарың болса қайтер ең?
– Өмір бойы арын қорғап өтер ем!

Толық

Қарттық

  • 0
  • 0

Шақырса жұмбақ ғалам мұнарлана,
Аңсапты көкжиекті құмар бала.
"Арман тау" айналды енді төбешікке,
Қажеті азғантай-ақ шыдам ғана.

Толық

Қарап көріңіз