Өлең, жыр, ақындар

Шындық іздеп

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 385
Шындық іздеп ұзақ жүріп қалыппын,
Кейбір шындық торықтырдың, налыттың.
Өз шындығы бар-ау, ғажап, малғұнның,
Пенденің де, тіпті тұтас халықтың.
Талай шындық аян болып түске енді,
Талайлары қолға тегін түскенді.
Сол шіркіндер алдап, арбап жол бастап,
Шеттерінен сағым-мұнар өшті енді.
Ұлы істер — қайда бізге, қол қысқа
Аз еңбекпен бөлендік те алғысқа.
Бірақ одан "шындық" таппай жүргенде,
Жетіп қаппыз асқар асу алпысқа.
Сен де, шырақ, шындық таппай мұңайма,
Адал өмір — міне нағыз шын айна.
Әр шындықтың несі бар, нақ шындық,
Нақ Ақиқат, сене білсең, Құдайда.
Мен іздемен енді қоныс шұрайын,
Мен таңдаман енді Алла Күн, Айын.
Бірақ енді адаспаймын жолымнан,
Жүрегімде, жол сілтейтін, Құдайым!

Ақтау. 3.10.2000 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойлар, ойлар...

  • 0
  • 0

Ойлар, ойлар… келеді де кетеді
Шеттерінен бір-бірінен өтеді.
Қиял-сұңқар қанатына мінгізіп,
Алып кетер сол ойлардың жетегі.

Толық

Шипа

  • 0
  • 0

Әдетім бар оймен әлем кезетін,
Ой толқыннан жер тынысын сезетін.
Ел ұйқыда, сен қамқор боп отырсаң,
Тыныштығын, рахатын сезе түн.

Толық

Арман

  • 0
  • 0

Күй тартсам ғой ағыл-тегіл төгіліп,
Тыңдаған жан тұрса жаны езіліп.
Болса ішінде құралай көз бір сұлу,
Шықпай тұрған тек жаны бар үзіліп.

Толық

Қарап көріңіз