Өлең, жыр, ақындар

Ата мен ата жолы

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 494
Ата дейді, қастерлейді атыңды,
Армандады жуытпауға жат үнді.
Опат болды сені жырлап Ілияс,
Өз жолыңда талай Сәкен атылды.
Жолың сонша құрбандықты тілей ме?
Керек пе әлде жәй әншейін үрейге?
Кебек ерді буындырған Кеңгірбай,
"Ата" деген ат береміз дүлейге.
Ата дейміз жасы үлкенді, өткенді,
Үлгі етеміз осы күнгі көпке, енді.
Соның бірі қамшы салған Абайға,
Соның бірі Мағжан қанын төккен-ді.
Есте қалған, қалмағанда атам көп,
Соның бірі басын шауып Махамбет.
Талай атам ата жолын қолданған,
Құс төсекте жұмсағырақ жатам деп.
Ойлан, ұрпақ, дұрысыңнан қатең көп,
Қабылда тек ақ ниетті атам деп.
Тек ізгілік ата жолы әрқашан,
Тек ізгіні таныйықшы атам деп!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ата мақалы

  • 0
  • 0

Оң қолың ұрыс бастаса
Сұрасын сол қол араша.
Мүмкін бе айту басқаша
Бейбітшіл жанға сыр аша.

Толық

Адамдар

  • 0
  • 0

Өнер жоқ тал бойында жарып шығар,
Сенер жоқ қысылғанда алып шығар —
Бейнеткер — бұлшық етін еміп өскен,
Тірлікте тағдырына налып шыдар.

Толық

Сексен дүре

  • 0
  • 0

Елге, не ер — қажет пе жауыр төзім?
Сыйлай ма ол кісіге тәуір сезім.
Жауы түгіл шешендер бауырының
Көтермейді бір ауыз ауыр сөзін.

Толық

Қарап көріңіз