Өлең, жыр, ақындар

Қыдыр-Ата

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1147
Шәт-аман аға! Ұзақ толғатып өмірге әкелген бұл перзентіңіз кенжеңіз болмағай деген тілек пен "Тәуелсіздік манументі" оят- қан сезімдерімді Сізге арнадым.

Шығыс жаққа жанарын алыс тігіп,
Сан сұраққа ойынды жалғастырып.
Келіп қапты, ағайын, қабыл алың,
Ортаңызға бір атаң, барым мініп!
Неткен ғажап құбылыс, өзі нешік,
Мақтап жатыр "азаттық желі" десіп.
Тонау заңғар биіктен тұрғандай ма,
Тарихтың қазаққа лебі есіп?!
Қай ғасырдан келіп тұр, санамайық,
Қай бабаңа ұқсатсаң таза, лайық!
Бұра сөйлеп былғама асыл ойды,
Өйтсең түбі тартады санаң айып.
Қай заманнан: сақтан ба, түркі, қыпшақ,
Ғұн де, күн де — жарасар үлгі қылсақ.
Тексіздіктен сақтаншы қарындастар,
"Мен, мен" дейтін кетпендер әңгіге ұқсап.
Сезілгенмен атадан ар толғағы,
Сезілгенмен азабы тар жолдағы,
Азбай жетті, алтыннан сауыт киіп,
Тектілігі танылды, нар болғаны.
Айтылмаған сан ғасыр бір дерт еді,
Тұспал етіп айтатын, жұрт ертегі.
Енді міне, Байтақтың жүрегінен
Таңғажайып монумент сыр шертеді.
Төрің әне, адал ас, мейірлі ана,
Жұртың әне, ғаламды сезген дана!
Елің әне, тәуелсіз, биікте тұр,
Болашағың, ол да әне, қыз бен бала!
Түріңде тұр ерлігі, азаттығы,
Табиғаттың өзіңдей, ғажап, міні!
Білегінде қыраны, белде садақ,
Сезіліп тұр бекзада, қазақтығы!
Біздің елден қиянда, алыс жүріп,
Ғасырларды ғасырмен салыстырып —
Келді ортаңа, қазақтар, Қыдыр-Атаң
Алтын қанат — періште, барыс мініп!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үміт

  • 0
  • 0

Бұл тірлікте пақыр да бар — мұсылман,
Бұ тірлікте патша да бар — мұсылман.
Тыңдап көрші, ағайындар, бір ойын
Қатардағы мұсылманның ұсынған.

Толық

Жол үстінде

  • 0
  • 0

Ойға батқан мен едім жол үстінде,
Созылатын үш күнге, жол, үш түнге.
Өмір қысқа, таусылар осы жолдай,
Шарасынан сол өмір мол іштім бе?

Толық

Алматы таңы

  • 0
  • 0

Таң мезгілі, әуелден, жырға қанық,
Ажарланар таң нұрмен сырлап алып.
Найза шыңдар, тәкәппар, оқшырайған,
Ақ қалпағын көкпеңбек нұрға малып.

Толық

Қарап көріңіз