Өлең, жыр, ақындар

Күлдіреуіш

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 498
Қасиетті қазақтың шаңырағы,
Сан сырыңды, құпия, таныр әлі.
Талай ғасыр сарқылмай сені жырлап,
Саз сыйлайды қазақтың қоңыр әні.
Шаңырақсыз кісі ме қазақ деген,
Өз күпіңмен әрқашан азат денең.
Баба жолы — даңғылың, адаспасаң
Бақ таймайды басыңнан — қазақ, сенен.
Тіреу барда көтермес ауыр бар ма,
Бірлік барда жеңілмес жауың бар ма
Күлдіреуіш, бақанның арқасында
Шаңырағың қозғалмас дауылдарда.
Мені түсін бас алып тура қашпай,
Осы сезім нәрсіз бе сораң астай?
Бақандарды белдеуге қыстырады,
Барлық құны қоқайған қорағаштай.
Күлдіреуіш, шаңырақ құралдары,
Аттары жоқ, аты да сұралмады.
Онсыз апан аузындай шаңырақтың
Дүние боп қиын-ау тұра алмағы.
Аты барлар "мен", "мен" деп шіренеді,
Күлдіреуіш түндіктің тірегі еді.
Шаңырақты көтерсе шаңырақ қып,
Бақан да тек өзіне тіреледі.

21.06.1992.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызыл көйлек етегін

  • 0
  • 0

Қызыл көйлек етегін
Жиектетіп ақпенен.
Сәулем қайда барасың?
Қол ұстасып жатпенен.

Толық

Ауылда. 1996 жыл

  • 0
  • 0

Елдің қамын бір кісідей жеуші едім,
Астанадан асса ауылым деуші едім.
Елестеткен ерке жұртты көзіме,
Арман шіркін, бар ма сенің, беу, шегің!?

Толық

Білтелі шам

  • 0
  • 0

Отырмын сенің түбіңде тағы ойланып,
Балалық шақты, өмірді өткен ойға алып.
Жас шақта шырақ қажет те емес екен-ау,
Арманның нұры сіңгенде, аппақ, бойға анық.

Толық

Қарап көріңіз