Өлең, жыр, ақындар

Ей, адамдар, Абыл ата ұрпағы!

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 394
Адам ата алғаш қадам басқалы,
Меншігінде Күні де, Жер, Аспаны.
Содан бері ізгілік пен жауыздық,
Өз таңбасын тарих қып тастады.
Ескі аңыз тым ежелгі заманнан —
Екі бала — Абыл, Қабыл Адамнан.
Абыл ізгі, періштеден жаралып,
Қабыл — залым, о да содан адам таң?
Мерт еткелі Қабыл жауыз Абылды,
Қорқауларға оңай олжа табылды.
Абыл еңбек, Абыл бейнет, әділет,
Бәрі, бәрі қара күшке шабылды.
Содан бері зорлық, қорлық, соғыстар,
Үркерлі ай, қауіп-қатер, тоғыстар.
Содан бері қақсап Абыл ұрпағы,
Үрей, аштық, құрсақ қалмай тоқ ұстар.
Содан бері күн күле алмай жадырап,
Талай қала ойран болды қаңырап.
Аспан астын, жердің үстін өрт шалды,
Талқандалды талай сәнді шаңырақ.
Десе бірін — Мұхамбеттің бекзаты,
Дейді бірін — Иса, Муса зәузаты.
Бірақ солар — Адам ата "қос құрсақ",
Бірі ізгі, бірі жауыз әулеті.
Жаралмаған адам діннен, ұлттан да,
Жақсы туар алтын арай құт таңда.
Күні-түні балалайды жауыздық,
Арам ойдан, арам судан жұтқанда.
Ей адамдар, Абыл ата ұрпағы!
Бір шындық бар танымаған жұрт өлі —
Адал сөйлеп арам жүрер Қабыл бар,
Сақтан содан, тұқымыңды құртады.
Ойланалық — неге піспей, шаламыз,
Қабылға ердік, неге естен тана, Біз?
Жаратушы сенен ғана күтеді,
Ей Абылдар, Жер тірегі, сана — Сіз!
Кезің келді осы деммен кірігер,
Кезің келді кісілікке бірігер.
Жауыздарды адам демей
Қабыл деп, ізгілерді Абылдардың бірі дер.
Ей адамдар!, асыл ойға жалғаншы,
"Ұлт" деген сөз, "дін" деген сөз "алдамшы".
Болмысыңа ізгілікті ту етіп,
Табиғаттың сәні бола самғашы.
"Ұлтым-ау" деп тек ізгіні таңдашы,
"Дінім бір" деп тек ізгіні талғашы.
Ей ізгілер, Абыл ата ұрпағы,
Табиғаттың мәні бола самғашы!

Ақтау. 14.03.2002 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағыныш

  • 0
  • 0

Сағынышпен келе қалдым ауылға,
Аунап-қунап көңілді дем алуға.
Нусыз-сусыз шөл даланы көргенде
Көңіл шіркін айналды ғой налуға.

Толық

Қуанамын кездескенде қандасым

  • 0
  • 0

Шетте жүріп кездескенде қандасың
Көз қуанар, жаның сергір, аңда сен.
Жүзім жылып сәлемдесем мейірмен,
Қазір таныс, мүмкін кейін жан досым.

Толық

Көк алаң

  • 0
  • 0

Етеді ылғи мені алаң,
Жусанды, еркек көк алаң.
Жаймасам құшақ, жұмып көз,
Ғашықты қалай өбе алам.

Толық

Қарап көріңіз