Өлең, жыр, ақындар

Жылдар, айлар...Жылдар, айлар...

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3009
Жылдар, Айлар, қалдырма қатарыңнан,
Өмір, сенің сескенем қаһарыңнан.
Қаһарыңнан қорқамын - заһар мұңнан
Күн - Жұлдызым қалдырма, сапарымнан!
Енді туды дәуреннің жаз думаны,
Орта жаста, демеңдер "Қаз қуғаны".
Тасқа тілі, көркөздің көзі шықсын
Ұл мен Қызым жайнатқан- Тау, Даланы ...
Мен, Әкемнің өсірген-
Тауы болам,
Тау биігін, құшағын таныр - Балам!
Тау алқымын, бұлт орап, мұздақ жапсын
Төскейін теуіп бұлақ ағындаған.
Бұлақтар тоқтар жері -
Даласы алда,
Дала - Анаң, сипаған жылағанда.
Сол даланың мейірлі төсін еміп
Құшағында аунайсың,
Қырқасында!...
Енді туды өмірдің жаз думаны,
Тамыр - өзен, кернеді тас тулады.
Бір алапат кеудемнен күш басталып
Өтпейтін сағат емес, күн зулады.
Зула, зула, зуласаң қайтып тума,
Асыл мұрат, жігерлен айқын тұлға,
Ғашықтық қуат алып - Сұлулықтан
Алып ұш, тәңір құсым - қайқы шыңға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дауыл керек бұрқырар

  • 0
  • 0

Дауыл керек бұрқырар,
Шаңдататын,
Естіген, есі кетіп таңданатын,
Тербетіп тал, теректі шайқалтатын,

Толық

Жаза берсең, басында естелік көп

  • 0
  • 0

Жаза берсең, басында естелік көп,
Ойлайсың кей біреуін тістеніп тек.
Жадыңда жаңғырады өткен жылдар
Жаңалықтың анасы - ескілік деп!

Толық

Арман

  • 0
  • 0

Арман,
Үміт,
Күтумен
Айлар,

Толық

Қарап көріңіз