Өлең, жыр, ақындар

Түйеқұстар

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 394
Өзіне төнген қауіпті көрмеу үшін туйеқұс басын құмға тыға қояды екен. Халқымыздың ұлттық белгілеріне төнген қауіп пен жеке шаңырақтар драмасы әрбір саналы қазақ азаматтарының ойын онға бөлуі тиіс.

1. Түйеқұстар мекені
Мына тұрған, көз қысып, шарапхана,
Кірме бүған, бауырым, ар аттама.
Айналып от кездейсоқ жолда тұрса,
Өте шықшы қасынан қарап қана.
Мекені бұл — "түйеқұс" талапсыздың,
Анда-санда сын көзбен қарап тұрғын.
Мүжіп жатыр бар нәрін бауырыңның,
Мүжіп жатыр жанын да "шарап-құзғын".
Аямайды кескінін, бөксесін де,
Аямайды, жеп жатса, өкшесін де.
Бар баққаны — сау болса "қарабасы",
Мейлі кеулеп жеп қойсын өкпесін де.
Әне сол ар, масаң боп отырғандар,
Жалғыз-жарым кездейсоқ қосылған бар.
У шарапқа санасын суарады,
Парасат пен пайымға тосын жандар.
Бәрі осының шетінен оқығандар,
Есің болса, бауырым, осыны аңғар.
Ертең басын жазып ап, ал сонан соң,
"Ұлттың қамын" жоқтайды осы жандар.
Жоқтап бірі қыз арын, заман зарын,
Боқтап бірі, ағайын, жамандарын.
Арасында ел үшін тост көтеріп,
Шарап пенен басады арандарын.
Міне осындай — әзәзіл шарапхана,
Кірме бүған, бауырым, ар аттама.
Кісілікті жоясың, түсінікті,
Қожа біреу бұл жерде — арақ қана.

2. Түйеқұс әке (үлкені)
Мына жерде бір әке ішіп отыр,
Қайғы қажап жаны да, іші қотыр.
Алдында ас, басында телпегі жоқ,
Ішіп отыр, сонда да, ішіп отыр.
Әке ойы - қор болған жалғызында,
(Мықты болсаң ішпей қор, ал бұзылма).
Келін кетті, немере ере кетті,
Пәле қайда — ұлында, жалғыз ұлда...
Өсірген-ді жасынан еркелетіп,
Алғыр болды, ұғымтал, ерте жетіп.
Бұл сақалды, онда мұрт, ой дүние-ай,
Ғұмыр неткен, соншама келте, нешік...
Жеті жаста шылымға ауызданды,
Он бесінде арақты ауызға алды.
Дудан қызық, өмірден шаттық іздеп,
Ерте пісті, ертерек қауызданды.
Сондайларды бір кезде ардақтаған,
Содан қазір ішпейтін қалмапты адам.
Жаным жара солардың қылығынан,
Кім ойлаған түсер деп салмақ, маған...
Жуған талай ұлына жас толғанын,
Жуған талай оқудың басталғанын.
Армандаған сол кезде жалғызының,
Өлсем-ау деп, бір көріп, мас болғанын.
Еске түссе тағы да қағып салып,
Ал өкініш шарапқа нағыз салық.
Әрбір кеткен қатеге бір "қырлыдан",
ішіп отыр ұлы үшін намыстанып.

3. Түйеқұс әке (кішісі)
Жігіт еді бақыты басқан өрге,
Жұрт қызыққан талабы асқан ерге.
Аз емірдің қайғысы молдау болып,
Ұл жылайды, ішіп ап, басқа жерде.
Ұл жылайды анасын есіне алып,
Тән сыздайды, қайғыдан, жаны налып.
Әке де жоқ, ана жоқ тірі жетім,
Отыр содан шараптан өшін алып.
Ана қайда?.. Жаман ат тағылды анық,
Кетпей ме екен үйінің шаңын қағып?
Өз ошағын сөндіріп, қалай кісі,
Жүре алады өзгенің шамын жағып?..
Басқалардан өмірге бұрын кіріп,
Мақтанып ед, кей кезде қырын жүріп.
Аз күн шарап буына шалқып еді,
Кетті ақыры сол жауыз сүріндіріп.
Әкесін де аяйды, шешесін де,
Өз қолынды, қайтесің, кесесің бе?
Әйелі мен ұлын да ойлап отыр,
Бала қалды жетім боп нешесінде?..
Ұлы қайда кеп-кеше жетелеген,
Соқты бұған бір зауал тете келген.
Арман бар ма өмірде жалғызының,
Жетсе үні құлаққа "көке" деген.

4. Жетімдер (үлкені)
Тойлаймын деп желіктің сәтті күнін,
Көз жасымен бұл қыз да шақты мұңын.
Басын құмға жасырған түйеқұстай,
Паналайды астына жастығының.
Таптатты арын өзінің, елініңде,
Нүқсан түсті кісілік сеніміне.
Омыраудан сүт ағып, көзінен жас,
Сезді даусын, тастанды төлінің де.
Тәтті сезім сонша тез өшеді ме?
Тікен сеуіп қойғандай төсегіне —
Дөңбекшиді жас ана, садақа ғып,
Нәрестесін халықтың өсегіне.

5. Жетімдер (кішісі)
Тек мама деп жылайды бала сірә,
Жетім айтпас арызын анасына.
Басын тығар құмы жоқ, ана да жоқ,
Қорыққанда тығылар панасына.
Махаббаттың жемісі — үсік шалған,
"Жетім" атын анасы пішіпті алдан.
Өмір бойы естірі — "байғұс бала",
Құтыла алмас бұл енді "кішік" халден.
Жылап жатыр, жұбанбай ұзақты күн,
Күн де ыстық, шілдеде, ұзақ бүгін.
Тумай жатып басына бұлт айналған,
Бұ сорлыға құрды екен, тұзақты кім?

6. Түйеқұс және бөрі
Бері қалған жемтігін қашан аяп,
Қорғансызды қылғытар асамай-ақ.
Кеңірдекке қанды ауыз таянғанша,
Талтаң-талтаң түйеқұс басады аяқ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адамдар

  • 0
  • 0

Өнер жоқ тал бойында жарып шығар,
Сенер жоқ қысылғанда алып шығар —
Бейнеткер — бұлшық етін еміп өскен,
Тірлікте тағдырына налып шыдар.

Толық

Қатыгездер қайдан шықты ағайын?

  • 0
  • 0

Қатыгездер қайдан шықты ағайын? –
Толып кетті оңым, солым, маңайым.
Ес жиғанша басып кетті арам шөп,
Тағы тарттық бейғамдықтың сазайын.

Толық

Асау

  • 0
  • 0

Тымағыңды басыңқырап киіп ап,
"Шыбын жанды шүберекке түйіп ап" —
Қарғып мінсең арындаған асауға,
Жігіт аты кетті-ау саған сыйып-ақ!

Толық

Қарап көріңіз