Өлең, жыр, ақындар

Дән

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 286
Жатыр бiр дән құнарлы алқап жерiмде,
сiмiрiп ап күннiң нұрын төгiлген.
Топ-толық дән, топ-толық дән, сол бiр дән
ғашық дер ем тiршiлiк пен өмiрге.
Дәндi мәңгi, дәндi мәңгi жырлармын,
сазы жатыр сонда барлық сырлы әннiң.
Суретiн сал тоқшылықтың десе егер
салар едiм суретiн мен бiр дәннiң.
Дәнге қарап ойланам мен, толғанам.
Дәнге шалқы, дәнге симай, тол, далам!
Бәрi өледi жерге салып көмгеннiң,
көмген кезде көктейтiн тек дән ғана!
Келсе егер де ашаршылық шөл қинап,
аман қалар дәннен өмiр әл жинап.
Сондықтан да мына бүкiл тiрлiкте
дән себемiз,
дән тасимыз,
дән жинап.
Дәнсiз, әнсiз бұл өмiрден өтпек кiм,
әндi шырқа, дәнiңдi сеп, ек деп тұр.
Жүректерде жақсылықтар туатын
арман дәнi, үмiт дәнi көктеп тұр.
Дәндi жина он еңкейiп, он қарап
дәндi жина қапқа салып, дорбалап.
Өлшейдi жұрт, есептейдi бүгiнде
дән салмағын центнерлеп, тонналап.
Басқа өлшем, басқа есеп бар менде:
өсiп-өнiп шығатұғын көмгенде, –
бүкiл Жердiң аумағы бар әр дәнде,
бүкiл Жердiң салмағы бар әр дәнде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гөй-гөй!

  • 0
  • 0

Таусылмайды жыры гөй-гөйдiң.
Алтай шөгiп,
Алатау көшкенше сөйлеймiн.
Атырау суалып,

Толық

Қара Жер

  • 0
  • 0

Қара Жер астаң-кестең:
Бір жағы бақандасып,
Бір жағын топан басып;
Бір жағын өрт шалып;

Толық

Сенімді ит трагедиясы

  • 0
  • 0

Қайта алмастан қалаға
қалсын дедi-ау қаңғырып,
бiреу бiр күн далаға
итiн кеттi қалдырып.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар