Өлең, жыр, ақындар

Бәйге

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 442
Жердi тарпып, бүлiнiп,
екi көзi шоқтанып,
шыққан кезде мәреден
жұлдыз құсап жұлынып
құс қанатты аттарым.
Қиқу, айқай,
не түрлi
ызу-қию алға асып,
кеткен сонда нөпiрлi
кең даланы сел басып.
Шетсiз-шексiз атырап
қалған шаңға көмiлiп,
дүбiрлеген тұяқтан
бара жатқан
қақырап
қара жер де сөгiлiп.
Жылдамдықтың ырғағын
бiр-бiрiнен жұлып ап,
аққан сол бiр жүйрiктер
созып иiр сұңғағын
құлақтарын жымып ап.
Қас жүйрiктер шебiнен
ашылған ғой ара жiк...
сонсоң бiрi
бәрiнен
бара жатқан қара үзiп.
Сол бiр жүйрiк бұлтылдап
жұлдыз болып аққан ғой.
Қабырғаның астынан
қанат өсiп,
пыр-пырлап
ұшып бара жатқан ғой.
Шаңын қағып даланың
аққан жүйрiк аспандап, –
алдан соққан дауылдан
үстiндегi баланың
жанарынан жас парлап.
Аққан жүйрiк
қамшыдан
өне бойы тiтiреп,
мөлтеңдеген тамшылар
денесiнен сiркiреп.
Жебе құсап атылып
белден асып жөнеген.
Өзгелерден қара үзiп
сол бiр жүйрiк ақыры
бiр-ақ шыққан сөреден.
Мақтапнетер елi боп
iлiнген ол ауызға.
Бiрте-бiрте сол жүйрiк
тендесi жоқ, теңi жоқ
айналған ғой аңызға.
Тыңдап оны, мен елтiп
қиялыммен құйғыдым.
Өткен халқым өлең қып
мақтан етiп жүйрiгiн.
Қуат берер тiрiге
қуаты бар жарқылдың
жүйрiк деген —
үнi мен
рухы ғой халқымның.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Даукес

  • 0
  • 0

Дабысы
Дүниенi алып барады.
Дауысы
Құлақты жарып барады.

Толық

Адам өлтiрген адамды іздеу

  • 0
  • 0

Адам өлтiрген адам
Табылмады.
Iздеушiлер де,
Iз кесушiер де

Толық

Сағат жөндейтін шеберге

  • 0
  • 0

Жан секiлдi үңiлген кеп тереңге,
жан секiлдi үңiлген кеп өлеңге,
тық-тық етiп соғып тұрған дiрiлдеп
үңiлесiң нәзiк тылсым әлемге.

Толық

Қарап көріңіз