Өлең, жыр, ақындар

Қайран тілім менің!

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 418
Өзге жұрттардың
Кеткен еселерi
Өтелiп жатыр, –
Кешегi күнi
Қор болған тiлдерiн
Ту етiп көтерiп жатыр!
Менiң тiлiм
Ерiнi тiлiм-тiлiм боп
Шошалада қалды.
Ұйқылы түнге қуылып
Көзi жаутаңдап
Босағада қалды.
«Даусын
Найзадай көкке шаншылтып
Шамырқанып сөйлесе
Аспанның асты
Толып кететiн;
Таспен қалаған қамалыңды
Тоған құрлы көрмей
Орып кететiн»
Қайран тiлiмнiң
Көштен кейiн қап
Ыбылжып тұрғаны-ай;
Басына тазкепеш киiп,
Айтарын айта алмай
Күмiлжiп тұрғаны-ай!
Қайран тiлiм менiң!
Өз жер, өз елiнде
Қолын жайып тiленген
Қайыршыға айналды-ау;
Құйрығы бұлаңдап
Құбылған қу саясаттың
Ойыншығына айналды-ау!
Не iстесем екен?
Өртеген намысқа шыдамай
Оқылып бiткен кiтаптың
Соңғы парағындай боп
Жабылып кетсем бе екен?!
Қара бұлттардың iшiне кiрiп
Сiлкiнiп құтырып жатқан
Найзағайларға соғылып
Жарылып кетсем бе екен?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жылау

  • 0
  • 0

Ішек-қарыны ақтарылып,
Тұла бойына у құйылған, –
«Елім-айлап»! —
Ғаріп Қаратау жылады.

Толық

Алатау батырдың шайқасқа түсер алдындағы сәті

  • 0
  • 0

Алатау батыр
Кеше түнде
Түс көріп еді.
Түсінде

Толық

Күзгі эфир

  • 0
  • 0

Сығымда уысыңды
Эфир тұр буырқанып.
Чилиде атып тастаған
тағы бiр рухани

Толық

Қарап көріңіз