Өлең, жыр, ақындар

Алаң көңіл

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 386
Заманның лебі
Суып барады.
Құдай-ау,
Қашан ол
Құрықталады.
Мен де қазір
Әрбір күнімді
Басқа жұрт құсап
Амалдап құрам.
Тағы да
Не болар екен деп
Таңертең төсектен
Алаңдап тұрам.
Алаңдай,
Алаңдай—
Жүгіріп келгендей—
Демімнің алқынуын-ай.
Жанымның
Кеудеме симастан
Суықтың
Келерін сезінген
Күздегі
Шыбын сияқты
Шарқ ұруын-ай.
Апыр-ай,
Күндердің күнінде
Қатыгез заман
Құрсаудай сығып
Қысып кетеді-ау...
Шыбын-жан сонсоң
Шыдай алмастан
Аспанға зың етіп
Ұшып кетеді-ау...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Новелла

  • 0
  • 0

Сәулелер мен
Нұр сіңірген
Кешіп күнді,
Үйдің іргесінде

Толық

Аялдамадағы сауал

  • 0
  • 0

Бiр жас әйел –
тiлiп түсер санаңды –
айтып тұрды төтенше бiр хабарды:
– бiр мәшине жаңа ғана,

Толық

Даукес

  • 0
  • 0

Дабысы
Дүниенi алып барады.
Дауысы
Құлақты жарып барады.

Толық

Қарап көріңіз