Өлең, жыр, ақындар

Келеді, алда жарық күнің

Кейде мені түрлі ойлар мазалайды,
Адамдар көп көңіліңе қарамайды.
Аяғыңа тіке тұрып алға ұмтылсаң,
"Жете алмассың"-деген сынмен қаралайды.

Керегі жоқ бұл өмірде өкінудің,
Жылауменен,тек өзіңді жек көрудің.
Әрбір істің өз артында қайыры бар,
Бағалағын әрбір сәтін бұл өмірдің.

Шыдамды бол,сабырлы бол, алаңдама,
Сабырлықпен жетесің сен тек шыңдарға.
Ұмтыла бер алдыға тайсалмастан,
Жетеріңе шыңдарға күмән бар ма?

Өткен күнді артқа таста мәңгіге,
Жаңа өмір басталсын тек мәндіге.
Барын түсін бұл өмірде сенімен,
Жаратқанның мейірімі мен өзі де!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер