Өлең, жыр, ақындар

Есімде Еділдің көк толқындары

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 352
Сонау кез сәуір шыға Сибирьдегі,
Көктемнің самалын ел сіміргені —
Есімде, Еділдің көк толқындары
Жатты ағып бейне өмірден сыр білгелі.
Сол сәтте бір перзентін туды ғасыр
Толғанып толғатқандай күн ілгері.
Деп қойды атын оның Владимир,
Ойлап ел, кім боларын, үлгірмеді...
Алайда, сол сәбидің алдындағы
Атар тақ қоңырауы күмбірледі!..
Сол сәби еді күткен ел арманы,
Сілкініп су толқыны, жер орманы —
Шаттанды, шабыттана шаршы халық
Жүректің табылғандай жоғалғаны.
Үмітін артты соған, өсе келе
Жаһанның жаутаң қағып жанарлары.
Ол дана — туған күндей Ленин еді
Ондай ұл көрмеген жер жаралғалы.
Ақылмен өмір бұлтын қақ айырып,
Тұрды елдің маңдайында жанар бағы.
Кәдімгі болып өсті о да бала,
Зерек жан, бірақ, қарап тұра ала ма?!
Жұлдызы болып жанды ел бағының
Өмірдің сырын терең ұға қала.
Тетігін соны ғасыр қолына ұстап,
Жөнелді жаңа жолға бұрып ала,
Талқан қып кәрі дүние тәжді тағын,
Ту тікті ұшан қиыр қияға да!
Бақыттың таңын Ленин атқызғанда,
Құлпырды қырда қала, ойда дала!

1956



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен Октябрь ұлымын

  • 0
  • 0

Қараңғы ащы тұрмыстан,
Қиындық көріп ығысқан,
Құл боп, күң боп жалынып,
Бай табына туыстан.

Толық

Шаттық жылы

  • 0
  • 0

Орнатып ойды, қырды күміс қарға,
Кеудеден кең алдырып тынысты алға,
Жаңа жыл туды қала, даламызға,
Соқтыра заводтарда құрыш балға.

Толық

Ақын көрінісі

  • 0
  • 0

Жазғы жасыл жайлауда
Түріп ақ үй іргесін
Жайып тастап жырды алға
Ашып ақын кеудесін –

Толық

Қарап көріңіз