Өлең, жыр, ақындар

Себеле, себеле!

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 369
Күзгі аспан, бұлт кезі жасаурап,
Қайтеді, сәл тамшы себе ме?
Сепсең сеп, ал жаңбыр, жау саулап,
Күзгі нұр себеле, себеле!
Кәне жер жыртылған ұлтанын
Көк тамшы шегеңмен шегеле,
Бұлқын бұлт, болмасын бұлтағың,
Ал, жаңбыр, себеле, себеле!
Шаң шалған жер жонын шомылтып,
Дем берші, шөлдеген денеге,
Торқалы төбені тоғылтып,
Жау жаңбыр, себеле, себеле!
Тау басын бір теуіп өтті де
Бұлт әне шығып ап әуеге,
Лақтырды аспаннан төкті де
Жаңбырды шелектеп төбеге.
Жалғаған жер мен көк арасын
Нөсер бір көкпеңбек теңіздей, –
Тіреу ме деп те, я қаласың, –
Тұрсын ба жерді көк емізбей!
Жаңбырға жекіріп ешкім де
Дей алмас: – Жауасың сен неге?
Көктемде дән қаулап өсуге
Күзгі нұр, себеле, себеле!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ләйлі Мәжнүн

  • 0
  • 0

Тізілтті әңгімеші сөзді бастан.
Өзінің хикаясын етіп дастан: –
Араптан туған екен бір ғазиз жан
Артықша болыпты, – деп, – жұрттан асқан.

Толық

Вокзалда

  • 0
  • 0

Сұр брезент азық қоржын иықта,
Құлақшынын баса киіп басына,
Шолақ тонды солдаттар шат, миықтан
Күліп қойып, поезд күткен асыға.

Толық

Қоштасу

  • 0
  • 0

Жүзіңді сенің нұрлы ақырғы рет
Ойлаймын құшудың бір сәтін тілеп,
Оятып арманымды жан түбінен,
Қаймығып, қайғырып та, жүдеңкіреп, –

Толық

Қарап көріңіз