Өлең, жыр, ақындар

Каспий

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 985
Аңғарлы, аты-шулы Каспий шулап,
Көк толқын бұйраланған толқып тулап,
Тау, тасы тағы қылған асау толқын,
Бұрқанып, бұрқ-сарқ етіп жатыр зулап.
Айбыны аспан астын орағандай.
Бұрқанған кектің жүзін кейде булап.
Дөңбекшін бір кез Каспий тулап жатқан,
Толқынта толқыны асау теріс аққан.
Уһлеп, көкке буын бұрқантқандай,
Қас қырау, тас жүрегі мұз боп қатқан...
Қыс кетті, жаз таңы атты, күн де жылып,
Балқыды салқын теңіз мұзы жібіп,
Еркелеп ойнақ салып, орғып жатыр,
Көк бұйра алтын толқын сақ-сақ күліп,
Сүңгітіп балық жаны балқытқандай
Ақ тесін ақ сазанның шеп-шеп сүйіп.
Аршын төс судың сері тағы балық
Сүңгіп жүр тұмсығымен тіліп, жарып.
Тайсалмай таудай толқын ортасында
Мың-мың сан балықшылар талмай барып,
Тулатып тайдай тағы балықтарын
Ау, көрме, аулап жатыр жылым салып.
Көгалда толқынменен еңбек майдан,
Тас-талқан етіп даңқы жерді жарған,
Қарулы ер алтын толқын аясында
Әупілдеп ауды тартып ойран салған.
Құрыш күш, білегі күс, алуан ердің
Жырлаған еңбек күйін толқын таңнан!..
Көк мұзға күн күлімдеп нұрын құйған,
Мұз балқып ыстық нұрдан толқын туған.
Мұз да мұз, жүрек те мұз, бірге жібіп...
Таңымда жас толқынмен бірге туғам.
Атам — таң, мен — таң ұлы, анам — толқын,
Күмістей көбігімен бетім жуғам.
Шар айна төңкерілген үстімде аспан,
Көкала толқын майдан ойнайды астан,
Жыландай ерке толқын ирелеңдеп,
Үйіріліп кемерінен шалқып асқан,
Үстім — көк, астым — теңіз, атым — кеме,
Арқырап тау толқынмен арпалысқан.
Келемін «Ленин» атты пароходта,
Қырандай көзім тігіп шартарапқа,
Толқынға малтықтырмай жас капитан
Серпілте жол сілтеді пароходқа.
Тау мен тас, жолымды аш!
Жайдым құлаш,
Көз тігіп ұшан-қиыр атырапқа.

1930



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қысқы кеш

  • 0
  • 0

Қара боран көкті жапты,
Қарлы құйын қуалай.
Кейде ұлыған аң сияқты,
Кейде жылайды баладай.

Толық

Қырмандағы түн

  • 0
  • 0

Қараңғы түн жұлдыз жайнап,
Жымиып тұр көктегі ай,
Дүние тыныш,
Тек бір дыбыс...

Толық

Жеңіс жылы

  • 0
  • 0

Ақшалап жерді аппақ қар,
Жазық дала,
биік жар
Үстіне күміс кигендей.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар