Өлең, жыр, ақындар

Жүрекке

  • 11.12.2015
  • 0
  • 0
  • 7312
Жалқау жүрек,
Тіле тілек,
Тартынба!
Тән өлгенде,
Жұрт көмгенде,
Не қалмақшы артыңда?
Шын жыласаң,
Мың сұрасаң,
Жетерсің бір мақсатқа.
Харекет қыл,
Шамаңды бішл,
Салып қабақ, ұртыңды.
Қайда барсаң,
Ойыңа алсаң,
Қор болмассың, жұртыңды.
Тым қарайма,
Жолдан тайма,
Ел мұнда.
Кетпей алысқа,
Түс жарысқа,
Кел мұнда!
«Анау пәлен,
Мынау түген», -
Бірін бастап,
Бірін тастап,
Ұлт ісімен ойнама!
Бар түрлі іс,
Істеуші күш,
Жетпес әлің зорына.
Байқап кіріс,
Бар-дағы түс,
Оңайырақ жолына.
Жол көп екен
Қол жоқ екен,
«Мен құдайы» деп жүрмек.
Онанда бос,
Мұнанда бос,
«Мен құдайы деп жүрмек».
Ол олай деп,
Бұл қалай деп
Алла ісіне шек қылма!
Екпей бидай,
«Бер деп құдай!»
Тентектікті көп қылма!
Айтқанды ұқсаң,
Жолға шықсаң,
Өзің бірге өл,
Тар болмас көр,
Ұжданыңнан айырылма!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бозторғай

  • 0
  • 2

Бозторғай зорлық көріп тұрымтайдан,
Таяныш таба алмапты қырдан, ойдан.
Болыпты мұңын шақпақ, зарын айтпақ,
Қырғиды жолықтырып көрсе қайдан.

Толық

Жәмила қыз

  • 0
  • 1

Қатыны өліп Бекіштің,
Қызы бар деп Төкіштің
Іздеп келді алыстан.
Бұрыннан де емес жат,

Толық

Талап

  • 0
  • 0

Әр дәулет саған даяр етсең талап,
Бақ келмес іздеп сені, жатсаң қарап.
«Нұр жауар талаптыға» деген қаттар,
«Жүргенде жөрем ...» бар ғой бұрыннан-ақ!

Толық

Қарап көріңіз